1.5. Өз бетінше шығару үшін берілген есептер. 1.5.1. Фаза болғанда ығысу 1 см – ге тең. Фаза болған кездегі тербелістің амплитудасын және ығысуды анықта.
1.5.2. Нүктенің тербелмелі қозғалысы теңдеуімен сипатталады. Бірінші
және екінші ретті туындыларды есептеу арқылы жылдамдық пен үдеудің уақытқа тәуелділік теңдеулерін жаз: , уақыт мезетінен с өткеннен кейінгі координатаны, жылдамдықты және үдеуді анықта.
1.5.3. Егер ұзындығы 80 см маятник 3 мин ішінде 100 тербеліс жасайтын болса, ондалабароториялық жұмысты жасау кезінде оқушылар еркін түсу үдеуі үшін қандай мәнді алған болар еді?
1.5.4. Бірдей уақыттың ішінде математикалық маятниктің біреуі 50, ал екіншісі 30 тербеліс жасайды. Егер олардың біреуі екіншісінен 32 см – ге қысқа болса, онда олардың
ұзындықтары қандай.
1.5.5. Қатаңдығы 250 Н/м серіппеге ілінген және 16 с ішінде 20 тербеліс жасайтын жүктің
массасын анықта.
1.5.6. Қатаңдығы 250 Н/м серіппеге ілінген массасы 400 г жүк тербелістер жасайды. Тербелістің амплитудасы 15 см. Тербелістің толық механикалық энергиясын және жүктің қозғалысының ең үлкен жылдамдығын анықта.
1.5.7. Қатаңдығы 1 кН/м серіппеге ілінген жүк 2 см амплитудамен тербеледі. Фаза болған кездегі кинетикалық және потенциалдық энергияларды анықта.
1.5.8. Егер t= 1 мин уақыт ішінде 150 тербеліс жасалатын және тербелістің бастапқы фазасы болса, онда амплитудасы А= 5 см гармониялық тербелмелі қозғалыстың теңдеуі қалай жазылады? Осы қозғалыстың графигін сыз.
1.5.9. Гармониялық тербеліс жасайтын нүкте қозғалыс басталғаннан қанша уақыттан, кейін амплитудалық мәннің жартысына тең аралыққа ығысады? Тербелістің периоды , бастапқы фаза .
1.5.10. Гармониялық тербелістің амплитудасы А=5 см, периоды Тербелетін нүктенің максимальды жылдамдығын және оның максимальды
үдеуін анықта.
Әдебиеттер 1. Волькенштейн В. С. Сборник задач по общему курсу физики. – М. , Наука , 1990.
2. Чертов А. Г. -, Воробьев А. А. Задачник по физике .-М. :Высшая школа, 1981.
3. Савельев И. В. Курс общей физики. –М; Наука,1981.
4. Полатбеков С.Б. «Оптика», Алматы-1984.
5. Бектенов М. Б. , Зеленова И. Б. Методические рекомендации по решению задач по физике (2-часть ), -Алматы, 1993.