Тәрбие жұмысының жоспары
ТҮСІНІК ХАТ
2022-2023 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары», Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және бірлестіктер туралы», Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері» туралы Заңы, Қазақстан Республикасы Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «АҚТҚ ЖҚТБ – ның алдын алу» туралы Заңы Қазақстан Республикасының Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Заңы,Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы, Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқығы туралы Конвенциясын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы қараша айында бекітілген «Қазақстан Республикасы Үздіксіз Білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасының «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарын», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері н басшылыққа алынып, құрылды.
Мектепішілік тәрбие жұмысының әдістемелік тақырыбы:
«Жас жеткіншектердің бойында азаматтық пен Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәмізін құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге тәрбиелеу».
Сынып жетекшінің зерттеу тақырыбы:
«Оқушыларды тәрбие бағыттарын қолдана отырып, адамгершілікке, мәдениеттілікке,білімге құштарлыққа,белсенділікке тәрбиелеу».
2022-2023 оқу жылында2- сыныптағы тәрбие жұмысының мақсаты:
Тәрбие жұмысында тәрбиенің жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы өзін-өзі тани алатын,өзін-өзі басқара алатын,интелектуалды дамыған адамгершілігі мол,мәдениетті,отансүйгіш тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
Сыныпта денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;
Оқушыларды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
Табиғатты қорғауға,қоршаған ортаны бағалауға тәрбиелеу;
отбасын сынып жұмысының тәрбие жүйесіне араластыру.
Оқушы бойында рухани-адамгершілік тәрбие негізін қалыптастыру,эстетикалық тәрбие арқылы жан сұлулығы мен мейірімділік қасиеттерін жетілдіру
Сыныптағы, мектепішілік,қоғамдық жұмыстарға жұмыстарға белсене қатысуға дағдыландыру.
Достарыңызбен бөлісу: |