Тәрбие жұмысының жоспары


«Азаматтық,патриоттық құқықтық және көпмәдениеттік тәрбие» бағытта: барлығы 6 сынып сағаты жоспарланған



бет3/10
Дата22.10.2022
өлшемі117,39 Kb.
#154506
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Тәрбие жұмысының жоспары

«Азаматтық,патриоттық құқықтық және көпмәдениеттік тәрбие» бағытта: барлығы 6 сынып сағаты жоспарланған. "Мен кішкентай патриотпын", "Жеңіс туы желбірей бер!","Елі сүйген,елін сүйген Елбасы", "Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздік символы" «Мемлекеттің биік мәртебесі-Мемлекеттік Туы,Елтаңбасы,Әнұраны», «Қазақстан-бірлік пен татулықтың мекені» атты сынып сағаттары өткізіледі.Бұл сынып сағаттарының түрлері- мерекелік, саяхат,саяси,интерактивті сағаттары түрінде өтеді.Оның ішінде «Елі сүйген,елін сүйген Елбасы» атты сынып сағатында топтық, шығармашылық тапсырмалар орындалады.Әртүрлі қызықты тапсырмалар орындатылады. Интерактивті тақта арқылы слайдтар көрсетіліп, СТО элементтері қолданылады. Оқушылар кластер құрады.
"Рухани адамгершілік тәрбие" бағытында – 2сынып сағаты: ", "Ұлтты тану –ұрпақ борышы.", " Досы көпті жау алмайды" тақырыбында сыр сұхбат,танымдық кеш түрінде сынып сағаттары өтеді.Топтық ойындар, тренингтер, рөлдік ойындар, жағдаяттар шешу жұмыстары қамтылады. " Ұлтты тану-ұрпақ борышы" атты сынып сағатында қазақ халқына тән салт-дәстүрлер,киім үлгілер,ұлттық тағам түрлерімен танысады. Оқушылар өз беттерімен жұмыстанып,көп деген тың деректермен танысады.Ата-аналардың қатысуымен көріністер қойылады.
«Отбасы тәрбиесі, отбасы қатынасы мәдениетін қалыптастыру» бағытында4сынып сағаты "Менің отбасымның дәстүрлері мен құндылықтары" өнеге сағаты, "Ана-өмір,ана-бақыт, ана-гүл"атты мерекелік концерт, "Әке –асқар тауым,ана-сая болар бағым"атты тағылымдық кеш, «Отбасым-бақыт мекенім» танымдық сынып сағаттары өткізіледі-"Ана-өмір,ана-бақыт, ана-гүл"мерекелік кеш түріндегі сынып сағаты аналары мен қыздарымыздың қатысуымен өткізіледі.Ақ тілектер айтып, құттықтайды. Аналарымен бірге топтық ойындар ойнатылып, тренингтер өтеді,флешмоб билеп,көңілді отырыс болады.Ал «Отбасым-бақыт мекенім» ашық сынып сағаты «Отбасы»күніне арналып ұйымдастырылады. Шараға3 ата-ана және сынып оқушылары қатысады.«Жүрек жылуы»тренингі оздырылады. «Отбасы»туралы санамақтан басталып, «отбасы»сөзіне анықтама беріледі.Жанұя туралы мақалдардың мәні ашылып,түсіндіріледі. «Тату отбасы »сөзіне кластер құрылады.Ата-аналар топқа бөлініп,тапсырмалар орындайды.1.«Бақытты отбасы сұлбасын »құру.2. «Бақытты отбасын неге ұқсатуға болады?^Ата-аналардан алдын –ала жазылып алынған, балалары туралы видеоролик тамашаланады.«Анашым-әкем»әнімен аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет