Сыныпқа мінездеме Сынып –2
Ұлты – қазақ-2
Сынып оқушыларының ұстанымы – «Біз талапты балдырған,үлгі аламыз жақсыдан!» Оқушы саны – 2
Ұл – 2
Қыз – жоқ.
А. Баймұлдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сыныбында 2 оқушы бар, оның 2-еуі ұл бала. Сынып ұжымы 2016-2017 оқу жылында мектепалды даярлық тобынан бастап қалыптасқан. Сынып оқушыларының оқу әрекетіне, тәрбиелік шараларға қатысу белсенділіктері жас ерекшеліктеріне сай жақсы деп айтуға болады. Оқушылардың мұғалімге қарым-қатынастары жақсы, педагогикалық талаптарға бағынады. Сынып оқушыларының мектеп мотивациялары оң, сабаққа қызығушылықпен келеді, көңіл-күйлері көтеріңкі.Сыныптың әлеуметтік деңгейі: Ұжымда оқушылар жақсы қарым-қатынаста. Сайланған көшбасшы – Аманкелдіұлы Ақжол, сынып белсенділлері Қайрамханұлы Еркебұлан. Шеттетілген бала жоқ. Сыныптағы психологиялық ахуалды қолайлы деп айтуға болады. Сынып оқушылары ұйымшыл. Сонымен қатар сыныпта шығармашылыққа бейім оқушылар бар. Жалпы сыныптан тыс шараларға,сабақтарға қатысуға тырысады. Сынып белсенділері – сынып басшысы, тазалық, спорт мүшелері өз жұмыстарын тиянақты атқарады. Оқушылардыңбәрі де сыныптан тыс «математика әлемі», «шахмат» үйірмесіне қатысады. Оқушылардың еңбек қатынасына деген ынта – жігері орташа. Сыныптағы оқушылардың бір біріне деген қарым – қатынасы жақсы, бір – бірімен тату, қиыншылық кезде бір біріне қол ұшын беруге әзір тұрады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете біледі. Ұл бала мен қыз балдардың өзара қарым – қатынастары да айтарлықтай жақсы.Сабаққа деген қызығушылықтары орташа. Ата – аналарға келетін болсам, олар сынып өміріне белсенді қатысып отырады. Мектептен қатынастарын үзбейді, көмектерін аямайды.Еш себепсіз сабақ қалдырмайды.
Сынып төлқұжаты
І бөлім: Сынып жетекшісі туралы мәлімет: 1.Аты-жөні:
2.Туған жылы, күні, айы: 3. Білімі: 4.Мамандығы: бастауыш сыныптар мұғалімі