Бірінші деңгей- өзін-өзі басқарудың сыныпта ұйымдастырылуы. Бұл сынып кеңесінің жиналысында қаралып, сынып белсенділері 6 секторға бөлінеді.
Екінші деңгей –мектептің О.Ө.Ө.Ұ-ның құрылтайы, есеп беру сайлауы. Кеңес парламент президентін және 5 министірлікті сайлайды, міндетін анықтайды.
Шәкірттер парламентінің лауазымдық қызметін негіздейтін құжаттар:
Мектеп жарғысы;
Оқушы ережесі;
Парламенттің жұмыс жоспары;
Шәкірттер парламентінің жұмысы жүйелі түрде мектеп ұжымымен бірлесіп атқарылады. Ө.Ө.Ұ-ның мектептің өзін-өзі тәрбиелеу және дамыту жұмысына, сенбілікке, кезекшілікке, рейдке қатыстырылуы жеке тұлғаның дамуына себепші болады.
Мағжан тәлім-тәрбие орталығының сынып жетекшілерімен жұмысы және оның тиімділігі: -«Мағжан» тәлім-тәрбие орталығы арқылы гимназияның мақсатына сай ұйымдастырылуы.
- Тәрбие жұмысының мазмұны жоспарланған нәтижеге жету барысында оқушылардың:
а) сабақ барысында (шығармашылық ізденуіне түрткі туғызу арқылы ойын әрекеті, пікірталас, эксперименттік, зерттеушілік, танымдық іс-әрекеттер арқылы);
ә) сынып ішінде және сыныпаралық (ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру);
б) сыныптан тыс және мектептен тыс (пән апталығы, байқаулар, олимпиада, турнир, марафон, клубтық және үйірмелер) тағы басқа танымдық іс-әрекет түрлері арқылы жүзеге асады.
Тәрбие жұмысының бағыттары: Отандық-патриоттық тәрбие;
Азаматтық-саяси құқықтық бағытындағы тәрбие;
Салауатты өмір салты бағытындағы тәрбие;
Этнопедагогикалық – отбасы ынтымақтастық тәрбие;
Рухани-адамгершілік бағытты тәрбие;
Тәрбие шараларын ұйымдастыру жас ерекшеліктеріне сәйкес кезеңдер бойынша жүргізіледі.