Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі Лектор: Рысбекова Рысжан Мырзашқызы п.ғ. к., аға оқытушы



Дата18.02.2023
өлшемі0,71 Mb.
#169235
Байланысты:
Дополнительные материалы (мультимедийные материалы, ссылки на электронные ресурсы и т.д.)-1670146626661

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

1. Оқушылар ұжымы және оның ерекшеліктері. Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндет - оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу. Бұл міндетті орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады. Оқушылар ұжымы - оқушылардың жалпы мақсатпен және қоғамдық пайдалы бірлескен еңбекпен топтасқан тұрақты бірлестігі. Топ – бір немесе бірнеше белгілер негізінде біріккен адамдар бірлестігі. Топтың түрлері: ресми, референттік, диффузиялық. Ресми – белгілі бір құжат негізінде біріккен топтар. Референттік – өте маңызды белгілі бір қызығушылықпен бірігеді. Диффузиялық топтартұрақсыз, жылдам ыдырап кететін топтар.

Топ белгілері:

  • 1. Өмір сүру уақыты; 2. Қарым-қатынасы; 3. Басқару және бағыну қарым-қатынасы; 4. Ұйымдастырушылық жұмыс; 5. Бағалылық, тәртіп нормалары; 6. Жеке тұлғалық қарым-қатынасы болады.

Оқушылар ұжымы – ортақ әлеуметтік маңызы бар мақсатқа біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар, барлық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілікке негізделген оқушылар тобын атаймыз.

Ұжымның құрылымы. Ұжымның даму кезеңдері. . Ұжым проблемасын аса зор көңіл аударып зерттеген педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері: А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский. А.В. Лунчарский: “Жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады”- деп көрсетті. Н.К.Крупская: “Тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы - ұжым” - деп атап айтқан. В.А.Сухомилинский: “Әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі” – деп көрсеткен. А.С.Макаренконың ұжым туралы тағылымы.

А.С.Макаренко тағылымы ұжымды сатылы қалыптастырудың технологиясынан тұрады. Ол ұжымның өмір заңын былай түсіндіреді: қозғалыс - ұжымның өмір сүру формасы; тоқталу - оның жойылу формасы. Әйгілі педагог ұжымның даму принциптерін анықтады (ашықтық, жауапкершілік, тәуелділік, перспективалық, бірлікті әрекет) Ұжым болу үшін, топ сапалы жіктелу жолынан өтуі қажет.

А.С.Макаренко бірнеше сатыларды белгілейді.

  • Бірінші саты - ұжымның құрылуы (алғашқы бірігу сатысы). Бұл кезеңде ұжым педагогтың тәрбие жұмысының мақсаты ретінде көрінеді, мұның өзі ұйымдасқан, белгіленген топты (сынып, үйірме т.б.) ұжымға айналдыруға талпыну, яғни оқушылардың ұжымға қатынасы бірлескен іс-әрекет мазмұнымен, мақсат-міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады. Екінші сатыда белсенділердің ықпалы арта түседі. Енді белсенділер тек педагогтардың талаптарын қолдап қана қоймай, ұжым мүшелеріне ұжымға не пайдалы, не зиянды екенін байқатып, өз түсініктері бойынша басқара бастайды. Егер белсенділер ұжым қажеттілігін дұрыс түсінсе, онда олар педагогтың сенімді көмекшілеріне айналады. Үшінші және одан кейінгі сатылар - ұжымның кемелденуі. Алдыңғы даму сатыларында қол жеткізген қасиеттер киелі тұлғалық ерекшеліктерді топтастырады: жолдастарына қарағанда өзіне жоғары талап қоюы, көзқарастарының, әдеттерінің, әрекет-қылықтарының тұрақтануы.

3. Өзін - өзі басқару. Өзін - өзі басқару ұйымының құрылымы. Өзін-өзі басқару – ұжым үшін маңызды мақсаттарға жету үшін шешім қабылдау мен оны жүзеге асыруда балалардың өз бетінше дамытуға негізделген ұжымдық іс-әрекетті ерекше ұйымдастыру. Жеке тұлғаға қатысты өзін-өзі басқару төмендегідей функцияларды орындайды: адаптациялық (ұжым ішінде жеке тұлғаның үйлесімді өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді); интегративтік (ұжымдық және жеке іс-әрекет түрлерін үйлестіруге мүмкіндік береді; нәтижелі іс-әрекет үшін ата-аналар, балалар және педагогтардың қызметін ұйымдастырады); прогностикалық (диагностика және рефлексия негізінде перспективаларды анықтауға жәрдемдеседі); басқарушылық мәдениетті меңгеру (өзі және ұжым үшін маңызды шешімдерді қабылдауда өз бетімен таңдау жасауды жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады).



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет