«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



бет4/6
Дата08.09.2017
өлшемі1,22 Mb.
#30149
1   2   3   4   5   6

Әдебиеттер:

1.     Байтабанова А. «Сынып жетекшінің қиын оқушымен жұмысы», Сынып жетекшісі, №4, 2004.

2.     Батталханов Е. ««Қиын» оқушылармен жұмыс ерекшелігі», тәрбие құралы, №4, 2003.

3.     Мырзабаева.Б, Оразымбетова.А, Жайлаубекова.С. «Әлеуметтік педагогтың ауыл мектебіне арналған жұмыс жоспары», Ауыл мектебі №2,2003

4.     Макаренко А.С. Ұстаздық дастан. -1986.

5.     Макаренко А.С. Ата-аналар.- 1988.

6.     Рамазанова П. «Қиын» балалардың тағдыры қинап тұр.-Шымкент келбеті,  2004.

7.     Сағымбекова А. ««Қиын бала» мәселесі әлі де қиын», Тәрбие құралы, №3, 2004.

 

Дәріс 9 Даранды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі
Мақсаты: «Интеллект», «қабілеттілік», «дарындылық», «талант» ұғымдары туралы түсінік беру.

Даранды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесімен таныстыру.



Дәріс жоспары:
1 «Интеллект», «қабілеттілік», «дарындылық», «талант» ұғымдары.

2. Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі


Интеллект (лат. іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) — жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.

Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект функциялары:

оқуға деген қабілеттілік;

қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңестірледі.

Теориялық және практикалық Интеллект жеке адамның эмоциялық- еріктік ерекшеліктерімен байланы

Е.И.Власованың пікірінше, әлеуметтік дамыған тұлға, 2 түрлі қабілетке ие болады. Бір жағынан – психологиялық ерекшеліктер, олар, жалпы дарындылыққа қатысты ерекшеліктерден өзгеше (креативтілік, еңбексүйгіштік, ауқымды танымдық қызығушылықтар, табандылық, мақсатқойғыштық, үнемшілдік, қарапайым тиімді шешім қабылдаушылық,психикалық процестердің жылдам өтуі, дамыған интеллект). Бір жағынан – бұл, әлеуметтік дарынды тұлғада  спецификалық тәжірибе негізінде, әр түрлі іс-әрекеттің социономикалық сипатынан, белсенді түрде пайда болатын қабілеттер. Бұл, әлеуметтік перцепция мен экспрессияға, просоциалды мінез-құлыққа, жоғары деңгейдегі дамыған әлеуметтік интеллект пен бақылай алу қабілеті. Тұлғалық құрылымда әлеуметтік дарынды индивидтің, әсіресе, өзге адам үшін, жанашырлық сезімі, өзге жанның эмоционалдық күйіне терең икемделе алу қабілеті өте күшті дамыған.
Дарынды балаларды оқытумен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет балалардың қабілеттері мен талаптарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтыңерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады. Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын талдау мен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Дәл қазіргі уақытта баланы дарынды және дарыны жоқ деп бөле отырып, біз баланың келешек өміріне жасанды түрде қол сұғып отырмыз. Өйткені баланың бойындағы қайталанбас ерекшелігі өсе келе баланың шын мәнінде талантты болатынына кепілдік бола алмайды. Ең алдымен баланың даму ерекшелігіне көңіл бөлген жөн. Одан кейін міндетті түрде ата-анасымен тығыз байланыс жасап, ол баланың неге бейім екендігін ескеріп, үйден көбірек қадағалауын ескерткен жөн. Ол үшін сабақтарда түрлі қызықты ойындар, шығармашылық тапсырмалар, логикалық жаттығулар пайдаланудың мәні зор.

Шығармашылық – жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Олай болса кез келген баланың психологиясын педагогикалық тұрғыдан жете бақылап, әр баланың жеке дара қасиеттерін, қабілеттерін ашуда түрлі жұмыстар жүргізуге болады. Бұл жағдайда ең алдымен баланың даму ерекшелігіне көңіл бөлген жөн. Сонымен бірге сабақты мұғалім қазіргі заман талабына сай баланың жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, оларға берілетін білімді топтап, жекелеп тапсырмалар берген дұрыс және дамыта оқыту жүйесі бойынша баланың жауабына шек қоймай оның өз ойын еркін бүкпей айтуға ықпал жасау қажет. Ойын бүкпей, еркін сөйлей алатын бала жан-жақты болған оқиғаларға, құбылыстарға жіті көңіл бөліп ой елегінен өткізіп отырады. Ондай оқушылардың ой-өрісі кең, тереңнен ойлай біледі. Сол себепті мұғалім күнделікті сабақ жоспарын жасағанда сынып оқушыларының жеке дара ерекшеліктерін ескеріп, ол оқушыларға түрлі тапсырмалар береді. Бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу деген әдістемелік кітапшаны әр мұғалім басшылыққа алса, «Бастауыш мектеп», «Қазақстан мектебі» журналдарын оқыса, бұл жұмыстарды әрине жандандыруға болады. Баланың шығармашылық қабілеттерін ашу – мұғалімнің ең басты міндеті. Себебі ұлы ойшыл М. Горький: «Адамдағы дарындылық қасиет туа бітті қан арқылы берілетіні де, одан қалды жүре пайда болатыны да болады деген. Туа бітті болатыны – тұқым қуалаушылық. Бұл қасиет өсіп те кететін, өшіпте қалатын процесс. Сондықтан оны үнемі үздіксіз шыңдап отырмаса өшіп қалуы да мүмкін» - деген.

Жаңа буын оқулықтарын оқытуда мұғалім сабақты тақырып мазмұнына сәйкес әртүрлі формада құрып, оқушының білімі мен іскерлік қабілетін шыңдай түсуді қажет етеді. Ана тілі сабақтарында белгілі бір тақырып аясын кеңейтіп, туған тіліміз бен әдебиетімізді, ата тарихымызбен этнография, көркем өнер түрлері мен байланыстыра отырып, сол арқылы оқушыға жан-жақты икемді тәрбие берудің мүмкіндігі мол. Мысалы, 3 сыныпта ана тілінен «Ақ құс туралы аңыз» әңгімесін өткізгенде бала санасына жететіндей түрлі проблемалық сұрақтар қоюға болады. Бұл сұрақтар оқушы ойын тереңнен қозғап, өз ойын ортаға салуға ұмтылдырады. А.Құнанбаевтың мына өлеңінен нені ұқтың?

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен қара жерге кірер денең, - деп неге айтқан? Оқушыларға осындай сұрақтар мен бірге деңгейлік тапсырмаларды да беруге болады.

1-деңгейде жоғары ойлайтын балаларға: 1. Ш.Қалдаяқов кім? 2. Ш.Қалдаяқовтың әндерін ата? 3. Ән секілді аспанда қалықтайтын қандай құстарды білесің? 4. Аңыз арқылы сазгер нені меңзеп отыр.

2-деңгей оқушыларына: 1. Ақ құс пен қара құс суретін салу. Қарсы пікір айту. Мысалы, қара құс жақсы. Неге? Қара құсты жақтау.

3-деңгейге: (Мына сөйлемдерді дұрыс құра) 1. Жылап отыр, қара құс, екен, егіл-тегіл болып. 2. Қолыма, түссең, ант, аямаймын, енді, деп, берді.

Тағы да басқа түрлі осындай тапсырмалар барысында баланың шығармашылық, дарындылық қабілеттерін ашуға болады. Мысалы,

1. ға буыны арқылы: Барды бала қора + ға, Шықты атам дала + ға

Осындай буындар арқылы өлең шығартуға, құрастыруға болады. Мысалы, алма сөзінің ұйқасын табу: 1. Алма, алма. 2. Қалтаңа салма. 3. Соңымнан қалма.

4. Бұзық болма.

Бұл оқушылар бойындағы ақындық, дарындылыққа жол ашатын бірден-бір жол. Дәл осындай сабақтың әр кезеңінде түрлі шығармашылық жұмыстар көптеп жүрсе, оқушы белсенділігін арттырып, белестерге жетелейді.

Адамды танып білу оның бойындағы ерекше қабілеті көре білу – мұғалім үшін аса қажет. Ол үшін ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмыстарында оқушыны үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға болады. Бала бойындағы жаңа қабілетті, жаңа қасиетті ашуына жағдай жасауды қазіргі таңда мұғалімнен талап етіп отыр. Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің барысында мұғалім өзі бірінші болып ізденеді. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстармен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.



Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Мұндай баладағы белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының дамуына игі ықпалын тигізеді. Абай жетінші қара сөзінде былай деген: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: Біріншісі: ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады, екіншісі – көрсем, білсем деп барлығын білуге, көруге құштар болып туады». Олай болса «зерттеу» түсінігі «Үлкен Кеңес» энциклопедиясында жаңа білімді өңдеу және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі деп түсіндіріледі. Оқушының өзгерту таным әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Зерттеу – дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың потенциалды қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуға көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді жұмыс түрінің бірі – оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру болып табылады. Қазіргі кезеңде бастауыш сыныптардан бастап ғылыми жоба жұмысына қатысып, оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытудамыз. Бірақ бастауыш сынып оқушысы әрине, өз бетінше еш әрекет ізденіс жасай алмайды. Оған мұғалім бағыт-бағдар беріп, бірлесіп жұмыс жасау арқылы, баланың танымдық қабілетін, өмірге деген өзгеше көзқарасын білуге, ізденуге құштарлығын шыңдай түседі. Осы орайда «Өзіңді-өзің тани білмесең, өзгені тани алмайсың»,- дегендей өз сыныбымдағы Г.Сәруарованың «Мен туған өлкемді танимын» ғылыми жоба жұмысына тоқталғым келеді. Тақырыбы: «Аяулы да, ардақты асыл әжем» ( З.Жүсіпова туралы). Секциясы: «Қарты бар үйдің қазынасы бар». Бұл ғылыми жоба жұмысы аудандық жоба қорғауда І-орынды иеленді. Әрине, мұндай мұғалім мен бірлескен жұмыстың нәтижесінде мектеп оқушысы өмір тарихы, еткен еңбегі бір энциклопедияға тұрарлық қарт ана, аяулы әженің жүріп кеткен жерін, еткен еңбегін, елге, халыққа паш етіп, үлгі өнеге етті. Бұның өзі зерттеу арқылы жеке тұлғаның қаншалықты өзіне ақпарат жинағанын, білгенін, көргенін, көкейде ұстау арқылы ел ішіндегі асыл қазынаны іздеп табу мен пара-пар болды.

Қорыта айтқанда, зерттеу жұмыстары арқылы жеке тұлғаны дарынды, талантты оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, өзара қарым-қатынасты күшейтіп, ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы байланысты жоғары ұстау қажет екенін түсіндік. Ұстаз өмірдің шуағы мен нәрін себуші, берілмес қамалдардың алыбы, оның мынау аумалы, төкпелі замандағы адам ретіндегі, мұғалім ретіндегі миссиясы-маңайындағы адамдардың алдындағы оқушылардың ішкі сезімін оята білуі. Мұндай жауапты да ауыр жүк арқалап жүрген ұстаздарымыздың ішкі жан дүниесі мен сыртқы бет-бейнесінде үйлесімділік, сауаттылық, жарасымдылық болуы қажет. Сол кезде ғана мұғалім жан-жақты дамыған, дүниетанымы мол, еркін ойлы, өз пікірін ашық айта алатын жеке тұлғаны қалыптастыра алады.Баланың қабілетін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушыларының жеке тұлға болып дамуына үнемі қамқорлық жасаған. «Адамның ақыл-ойын, қабілетін, шығармашылығын дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізуге болады», – деді шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби. Біздің ойымызша сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмаларға қызыға қарайды, табыспен меңгере алады. Осындай жұмыстарды меңгергенде ғана бастауыш сынып оқушылары, жоғары сыныптарда білімді 90% дәрежеде өз бетімен ізденетін, пайдалыны көздей алатын, ой қазанын қайната алатын, шын мәніндегі шығармашылық дәрежеге көтеріле алатын дарынды шәкірт бола алады.

Әдебиеттер:

1. Ү.Б.Жексенбаева. Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Әдістемелік құрал. – Алматы, 2006.

2. Бастауыш сыныпта жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесі. – Алматы, 2005.

3. Ү.Б.Жексенбаева. Балалардың дарындылығын диагностикалау. –Алматы, 2005.

4. Білім кілті журналы, 2005.

5. Бастауыш мектеп. // Мектептегі психологиялық диагностика, 2004.


Дәріс 10. Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс –әрекеті

Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, демалыс және еңбек күн тәртібін ұйымдастырудың маңыздылығын ұғыну; Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс –әрекеті және өткізілген тәрбие жұмыстарымен таныстыру.

Дәріс жоспары:

1. «Құндылық»,« құндылық ұатынас», « салауатты өмір салты » ұғымдары

2. Баланың салауатты өмір салтының негізгі бағыттары.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды шарты және осы жүйелердің қызмет ету формасы болып ұжыммен тәрбиелеу табылады. Педагогикалық әдебиетті талдау барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру процесінде тиісті шарттарды сақтауды қажет ететінін анықтауға мүмкіндік берді.

Денсаулықты сақтайтын білім процесінде денсаулықты сақтауды ескере отырып ұйымдастыру, психологиялық жағдай жасау; оқушының денсаулығын рационалды сақтау; жүйелі білім процесін ұйымдастыру. Бұл үшін құрылымдық бөлімдер құрылуы мүмкін. Олар: оқушылар денсаулығын сақтау бойынша мектеп орталығы, әлеуметтік психологиялық адаптация қызметтері,  экология, дене тәрбиесі орындары, спорт залдар, білім гуманизациясы, творчестволық лабораториялар, пән оқытушыларының әдістемелік ассоциациялары және т.б.

 Денсаулықты сақтауда және қалыптастыруда максималды нәтижеге жету үшін психологиялық жақсы жағдайлар болу керек. Ол дегеніміз- мектептегі балалар және үлкендердің ара-қатынасы, достық атмосфера бойынша балалардың достығы, әр түрлі творчестволық әрекетте тұлғаны қалыптастыру, өзінің психофизиологиялық ерекшеліктеріне сай оқу және даму мүмкіндігі, творчество және әдемілік атмосферасы.

Мектептегі балалардың негізгі әрекеті болып оқу табылғандықтан, дәл оқудағы табыстылық мектептегі оқушылардың жақсы жағдайына ықпал етеді, ал бұл әрқайсысы үшін өзінің жеке ерекшеліктеріне сай дамуға мүмкіндік беру арқылы іске асады. Осыған байланысты бүгінгі мектеп алдында балаларды дамыту және сақтау проблемасын тиімді шешуге мүмкіндік беретін формалар, әдістер және технологияларды табу мәселері тұр. Бұндай мақсатты іске асыру барлық мектеп пәндерінің оқу потенциалын есепке алу кезінде ғана тиімді болады.

Жас өспірімдердер әрекеті түрлерінің әртүрлілігі оқу және оқудан тыс уақытта іске асады. Оқудан тыс уақытта оқушылардың әрекеті әдетте сыныптас тыс жұмыста қарастырылады. Сонымен қатар, педагогикалық әрекетте сыныптан тыс жұмыс болып оқу процесінен тыс оқушылар және оқытушылардың мақсатты ұйымдастырылған әрекеті табылады.

Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмысы оқу процесінде іске асатын тәрбиені толықтырады және тереңдетеді. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі белгіленуі - оқушыларда білімнің әртүрлі аумақтарына және әрекет түрлеріне қызығушылық тудыру және тереңдету, олардың таланттарын және қабілеттерін ашу және дамыту,  оларға мамандық таңдау кезінде көмек көрсету,  бос уақытын мәдени ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмысқа оқушылармен бірге әртүрлі тәрбие-білім сабақтары жатады. Олар оқудан тыс уақытта өзін-өзі басқару органдарымен және педагогикалық ұжым басшылығы көмегімен ұйымдастырылады. Осыған байланысты, педагогикалық әдебиеттерде көрсетілген сыныптан тыс тәрбие жұмысының ұйымдастырылу және іске асуының маңызды принциптерін көрсетуге болады .

Сабақтан тыс уақытта оқушылармен жұмыстың ерекшелігін анықтайтын негізгі принцип болып сабақтардың формасын және бағытын таңдау еркіндігі табылады. Сонымен қатар, сабақтың кез-келген түрінің қоғамдық бағыты бар, оқушы өзіне қажетті және пайдалы әрекетпен айналысады. Сыныптан тыс жұмыс инициативаға және жеке әрекетке тіректі талап етеді, бұл жасөспірімдік жаста өте маңызды, себебі кез келген әрекет немесе шара оқушылармен өздерінің еркімен пайда болған әрекет деп қабылданады, сондықтан оларды белсенді твочестволық әрекетке ынталандырады.

Сыныптан тыс жұмыс тек көңіл көтеру принципінде құралмау керек, сонымен қатар ойын әрекеті, эмоционалдылық,  романтика, әдемілік болу керек. Жалпылық принципі де маңызды орын алады, яғни сынытас тыс жұмыстың әртүрлі түрлеріне қатысушылардың жалпылығы.

Кешендік принципін іске асыру әр шараның тәрбие жұмыстарын максималды шешуге бағытталған болу керек. Мазмұнды, ұйымдастыру формалары, және әдістерін таңдау кезінде оқушылардың өсіндік және жеке ерекшеліктері сақталады.

Сыныптан тыс жұмыс мазмұны бойынша әртүрлі болады. Оған кіретіндер: дене шынықтыру, еңбек, көркем-эстетикалық, қоғамдық пайдалы әрекет және т.б. Сыныптан тыс жұмыстың формаға еңгізілген көптеген түрлері бар: ұжымдық (мектеп кештері, конференциялар, конкурстар), топтық (клубтарға, спорт ұйымдарына қатысу), оқушылармен жеке жұмыс (сыныптан тыс оқу, өнермен өз бетінше айналысу).

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының формаларының әртүрлілігі мектеп өмірінің өзгермелі қоғамдық жағдайларымен, жаңа әдістермен толықтырылады. Олардың мазмұны және әдістемесі теледидар бағдарламаларының атақты ойындарымен байланысты («Дөңгелек стөл», «Аукцион», «Не?Қайда?Қашан?)

Оқушылармен тәрбие жұмыстарының әртүрлі формасын үш топқа бөлуге болады:

1)     мектеп өмірімен басқару және өзін өзі басқару формалары (жиналыстар, сынып жетекшісінің сабақтары, жиналыстар);

2)     тану фомалары (экскурсиялар, фестивальдар, ауызшы журналдар, газеттер, тематикалық кештер);

3)     көңілді формалары (кештер, «капустниктер»).

Қазіргі жағдайларда тәрбиелеушілер назары тұлғаны қалыптастыру мәселесіне аударылады. «Тұлғалық бағытталған тәрбие», «оқушыға бағытталған оқу» түсініктері тәжірибелік, ұйымдастырушылық-педагогикалық, психологиялық мазмұнмен толықтырылады: интеллектуалды, физикалық және эмоционалды даму деңгейінің диагностикасы, білім мазмұнын жеке қарқынының тактикасын және стратегиясын жасау және мінездің нақты ерекшеліктерін қалыптастыру. Осыған байланысты қатысушылар санына байланысты сыныптан тыс тәрбие жұмысын іске асыру формаларының жіктелуі терең зерттеліп келеді. Педагогикалық процесті ұйымдастырудың жеке, топтық және жалпы формалары бір жағынан тәрбиеленушінің ерекшелігін есептеу және әрекетін ұйымдастыруды, ал екінші жағынан- барлығының жеке тұлғалармен әріптестігінің әлеуметтік жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етеді.

Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны және формалары оқушының қызығушылықтары және сұраныстарымен анықталады. Сыныпта тәрбие жұмысының кең таралған түрі болып сынып сағаты табылады. Осы түрдің пайда болу қажеттігі оқушыларды тәрбиелеуді эстеткалық, құқықтқы және т.б. әрекеттер бойынша жинақталған әрекетті жүргізуден байланысты болды. Атақты педагог В.А.Сухомлинский сынып жетекшісі  оқушылармен тек қана өткен кезеңге ғана емес, сонымен қатар алдын ала болжанған тақырыптар бойынша әңгіме- денсаулық, жанұя, өнер ету керек деп айтты .

Осылайша, сыныптан тыс жұмыстың мазмұны жасөспірімнің салауатты өмір салтын қалыптастыру процесінде нақты жағдайлар қатарымен анықталады, олар осы әрекеттің ұйымдастыру принциптеріне негізделеді: шараларға еркін қатысу, тапсырыстарды таңдау еркіндігі және оларды іске асыру, жастық жеке психологиялық ерекшеліктер деңгейіндегі қол жетерлік, ұжымдық талаптарды ескеретін қызығушылық.
Дәріс 11. Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі

Мақсаты: кәсіптік бағдар берудің мәніне сипаттама беру; кәсіптік бағдар берудің ерекшеліктерін түсіндіру.

Дәріс жоспары:

1.Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының мәні сипаттамасы (мақсат, міндет,мазмұны )



2. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының негізгі бағыттары.
 Кәсіптік бағдар беру жұмысының жүйесі 
Кәсіптік бағдар беру дегеніміз - педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс. 
Мамандық туралы жеткіліксіз білу - мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соңтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады. 
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей: 
•  Оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру. 
•  Кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу. 
•  Мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу. 
•  Оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу. 
Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге), кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу (профотбор), кәсіптік бейімделу жатады. 
Кәсіптік ақпарат - орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беріледі. 
Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Ол әрбір экономикалық ауданның мамандарға қажеттілігі мен оның даму келешегі ескеріле отырып жүргізіледі. 
Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастыру мен әдістері әр жас кезеңінде әр түрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу керек. Мәселен, бастауыш класта мамандық таңдау емес, еңбекті сүю,құрметтеу бағытында жүргізілу керек. Ү-ҮІІІ сыныптарда оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейту, оларды сол экоиомикалық ауданға қажетті кең тараған мамандықтың түрлерімен таныстыру керек. Ал ІХ-ХІ сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп, белгілі бір кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады. Бұл кездегі оқушылармен жұмыстың негізгі түрлері-факультативтер, техникалық үйірмелер, әр - түрлі мамандық таңдауға бағытталған клубтар, т.б. 
Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған түрлерінің бірі - өндіріске саяхат жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесу және кештер өткізу, жоғары сынып оқушылары мен өндіріс ұжымдары және кәсіптік-техникалық мектептердің оқушыларымен бірік-кен конференциялар, кәсіптік бағдар беру университеттерін ұйымдастыру, т.б. болып табылады. 
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады. Негізгі мақсаты - балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтар мен мамандықтарды ұсыну. Косіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан, шефтік мекемелер мен өндіріс орындарынан қызметкер мамандар тартылады. Кей жағдайда кәсіптік ақыл-кеңес жұмысы өндіріс орындарында, кәсіптік техникалық училищелерде өндірістік оқу цехтарында, кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде жүргізіледі. 
Кәсіптік іріктеу - (профотбор) мамандықты меңгеруге жарамдылығын арнаулы әдістеме арқылы анықтауға бағытталған зерттеу процесі. 
Қоғамда кәсіптік іріктеу белгілі бір мамандықтың түріне зорлықпен жүргізілетін "бейімдеушілік" түрінде болса, кәсіп-тік іріктеудің (профотбор) негізіне оның гуманистік, тәрбиелік мәні, жастардың жаңа жағдайда жұмысқа "үйренуі" жатады. 
Кәсіптік бейімделу (профадаптация) жұмыс орнында, тәжірибелік еңбек әрекетінде іске асады. 
Кәсіптік бейімделу дегеніміз - мамандыққа жаңа жағдайда бейімделу. Онда жастардың алғашқы әсерлері, олардың еңбек әрекетінің мақсатын саналы түсінуі мен сезінуі және мамандыққа қызығуын қанағаттандыруының мөні ерекше. Кәсіптік бейімделудің тиімділігі тек қана нақтылы еңбек нәтижелерінен көрінбейді, ол сонымен қатар өндіріс ұжымында, еңбекке жаңл араласқан жастармен жүргізілетін жүйелі жұмыстың нәтижесінде іске асады. 
А.С.Макаренко тәрбиенің осы сияқты кейбір күрделі мәселелерін педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теорияның қатарында "үш күш одағы"- мектепті, үйелменді, жұртшылықты жатқызуға болады. Мектеп оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыратын-мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни, бүкіл педагогикалық ұжым. Сынып жетекшісі барлық бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі мамандықты тыңдауға даярлайды. Сынып жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрылымына сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы: кәсіптік ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік ақыл-кеңес беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді жұмысқа орналастыру, т.б. 
Еңбек пәнінің оқытушысы - еңбек тәрбиесі, оқыту және кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі тұлғасы. Еңбек сабақтарында алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге, мамандықты таңдауға бағыт береді. 
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының негізгі қызметі: біріншіден кәсіптік бағдар беру кабинетінде анықтамалық ақыл-кеңес материалдарын жинау, екіншіден, әр түрлі сыныптарда кәсіптік бағдар беру әдісі және оқушыларға психологиялық-педагогикалық мінездеме дайындау жөнінде мұғалімдер және сынып жетекшілері үшін ақыл кеңес ұйымдастыру; үшіншіден, мамандық жайында оқушылармен әңгімелесетін кәсіпорын өкілдерімен кездесу өткізу; төртіншіден, бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, қорытынды жасау. 
Мектеп директоры мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысына көп көңіл бөледі, оны бақылайды, басқарады. 
Кітапханада кітапхана меңгерушісі еңбек тәрбиесі, политехникалық білім беру және мамандық таңдау мәселелеріне арналған көрнекті педагогтар мен психологтардың еңбектерін, сңбек жайындағы заңдарды, жастарды жұмысқа орналастыру жайындағы әдебиеттерді, жоғары және арнайы орта оқу орындарына, кәсіптік-техникалық мектептерге түсу туралы анықтамалықтарды күні бұрын іріктеп алуға тиіс. Осылардың бәрі мектеп бітірушілер үшін қажетті ғылыми еңбектер және құжаттар болып есептеледі. 
Мектепте кітапхана меңгерушісі жұмысының негізгі бағыттары: 
•  Мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне көмек көрсету. Ол үшін кесіптік бағдар беру мәселелеріне байланысты әдебиеттердің картотекасын жасау, жаңа әдебиеттер жөнінде педагогикалық кеңесте, оқушылар алдында шолу жасау. 
•  Мамандық жөніндегі кітаптардың, мақалалардың тақырыптық көрмесін ұйымдастыру, әдебиеттердің библиографияның тізімдерін жасау, ілу. 
•  Әр түрлі мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты оқушылар үшін оқырмандар конференциясын, пікірталастар, тақырыптық кештер ұйымдастыру, т.б. 
Кітапхана жұмысын осы бағытта ұйымдастыру кәсіптік бағдар беру ісін жетілдіруге мүмкіншілік жасайды. 
Әрбір ата-ана кәсіптік бағдар беру жұмысын өздерінің мамандықтарымен таныстырудан бастауы керек. Оларды өздері жұмыс істейтін кәсіпорындардағы еңбектің мазмұны мен механизмдерімен, өндірістің принципімен және технологиялық мроцестерімен таныстырады. Тәрбие жұмысының мұндай түрлері ата-аналардың еңбек іс-әрекетіне балалардың ынтасын көтереді. Балалардың кәсіби ынтасын дамыту үшін ата-аналар әр түрлі мамандықтар жөнінде олармен әңгіме өткізеді. 

Әдебиеттер: 


1.Абай Таңдамал шығармалары. 
2.Ы.Алтынсарин. Тазабұлақ. - Алматы, 1993. 
3.Р.Қоянбаев. Тәрбиетеориясы. - Алматы, 1991. 
4.В.А.Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы,1976. 
5.К. Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1983 
6. Еңбекке тәрбиелеу мен оқыту тұжырымдамасы. //Қазақ-стан мұғалімі. 19 аңпан, 1993 жыл. 
7.  Қ.Жарыңбаев,С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі -Алматы, 1995. 
8. С.Қалиев, т.б. Қазақ халқының салт дәстүрлері. - Алматы, 1994.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет