«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»


Дәріс 6 Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс -әрекетінің жүйесі



бет16/39
Дата22.04.2020
өлшемі482,5 Kb.
#64202
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Байланысты:
2f8f04ad-086a-11e7-bfa7-a692e7d05c5eТМВР умкд(1)

Дәріс 6 Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс -әрекетінің жүйесі
Мақсаты: Тәрбие жұмысын басқарудағы cынып жетекшісінің рөлі мен қызметі жайлы нақты ақпарат беру.Оқушылар ұжымын қалыптастыруда cынып жетекшісінің және оның негізгі қызметтері туралы толық мағлұмат беру.

Дәріс жоспары

  1. Тәрбие жұмысын басқарудағы сынып жетекшісінің рөлі.

  2. Сынып жетекшісі және оның негізгі қызметтері.

Сынып жетекшісінің пегагогикалық процестегі орыны.
1. Сынып жетекшісінің жұмысының негізігі мақсаты- мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге ықпал жасау.Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын,адамгершілік қасиеттерін,еңбекке деген сүйіспеншілігін қаматамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.

Сынып жетекшісінің міндеті- сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?

1.Сныптағы оқушылардың талап –тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты танып білу.

2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.

3.Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру.

4.Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

5.Оқушылардың ата –аналармен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педпгогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.

6.Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

7.Тәрбие мен өзін -өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.

8. Тәрбие қызметінің тұтасытығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қаматамасыз ету.

9. Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәләм – тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру.

Сынып жетекшісінің қызметі.

Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда,өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады.Соған сәйкес оның қызметі 3 бағытта қаратыруға болады.

1.Педагогикалық және әлеуметтік- гуманитарлық.

Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтін қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға,баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оның әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқа да мекемелерімен тығыз байланыс орнату. Рухани- адамгершілік және рухани – эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.

2.Ұйымдастырушылық қызметі.

Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскр сынып ұжыман қалыптастыру.

3.Оқушылардың жалпы әрекетін басқару.

Оған: нақтамалық,мақсат қоюшылық, жоспарлау, жобалау, бақылау және түзету енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.

Бүгінде сынып жетекшілері өздерінің педагогикалық қызметінің көлемінің тым ұлғайып бара жатқанын айтады. Ол бір жағдайда, барлық жерде балалар ұйымы (октябрят, пионер, комсомол) жұмысының тоқтауымен байланысты болса, ал екінші жағдайда, көптеген мектептен тыс балалар мекмелері қызметінің ақылы жүйеге ауысуы да кері әсерін тигізуде. Соған орай, мүмкіншілігі жоқ кейбір балалар тобы, оның қызметін көре алмауда. Ол сынып жетекшісі үшін де қосымша жұмыс болып табылады. Оның орнын толтыру, ендігі жерде сынып жетекшілерінің басты мәселесі болып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет