«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»


Дәріс 5 Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау



бет14/39
Дата22.04.2020
өлшемі482,5 Kb.
#64202
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
Байланысты:
2f8f04ad-086a-11e7-bfa7-a692e7d05c5eТМВР умкд(1)

Дәріс 5 Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау

Мақсаты: Тәрбие жұмыстарының жоспарлану жолы мен тәртібін меңгеру. Тәрбие жұмыстарының түрлеріне жеке-жеке тоқталып, олардың ерекшеліктерін, айырмашылықтарын байқап, қай жерде және қандай жағдайларда қолданылатындарын білу. Оларды болашақ педагогикалық жұмыс барысында орынды да шебер пайдалана білудің амалдарын оқып-білу және жетік меңгерту.

Дәріс жоспары:

  1. Тәрбие жұмысын жоспарлау және оған қойылатын негізгі талаптар.

  2. Тәрбие жұмысы жоспарының құрылымы және тәрбиелік іс- шаралардың формалары.

Сынып жетекшісінің жоспары – міндетті педагогикалық құжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Жоспар болмаған жағдайда тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.



Жоспар – сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат-міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т. б. байқауға болады. Ол үшін тәрбие жоспары объективтік тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отыра жасалуы тиіс. Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына сай нәтижелі жүргізіледі.

Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлау барысында оған оқушыларды қатыстыруы міндетті. Бұл күнде баланы сырттай билеп, бәрін де шешуге болмайды. Бала да өз мүддесін өзінше шеше алмайды. Тәрбиедегі даналықтың бір белгісі – бала болашағын оның өзімен бірге шешу. Бұл педагогикалық тағылым. Әр баланың өзі сүйетін ісі болады (сурет салу, ән айту, биге икемінің болуы). Мұндай жағдайда, тәртібі нашар балалардың да басынан табылатын осындай жақсы қасиеттерді тауып алып, оларды сынып ұжымының ісімен ұштсатыру бірден-бір педагогикалық тәсіл болып табылады.



Қойылатын негізгі талаптар.

  1. Жоспар – ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.

  2. Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болуы керек.

  3. Тәрбие жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы қажет.

  4. Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.

  5. Тәрбие жоспары ықшамды әрі ондағы көрсетілген шаралар орындалуы керек.

  6. Тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар саны жағынан емес, әртартпа және әржақты болуын ескеру керек.

Тәрбие жоспарының үлгісі.

  1. Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі, денсаулығы, сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата-аналары, белгілі бір ұйымға қатысы, қоғамдық тапсырмасы, тұрақтылығы, мекен-жайы туралы қысқаша сипаттама беріледі.

  2. Өтілген оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.

  3. Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.

  4. Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс-әрекеттердің түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары бөлімдерде көрсетіледі

Негізгі бөлімдер

Апта аралығын көрсету




Тәрбиелік шаралардың мазмұны

Формасы мен тәсілі

Мерзімі, уақыты

Жауапты адамдар

Өтілгені туралы белгі

1.Сынып ұжымын ұйымдастыру
















2.Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және балалардың бірлестіктері мен өзара әрекеттері
















3.Пән мұғалімдері және мектеп әкімшіліктерімен байланыс
















4.Отбасы және жұртшылықпен жұмыс
















5.Жеке оқушымен жұмыс



















  1. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері, мазмұны, формалары.

Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатт болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы– тұлғаың әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекетінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.

1. оқудан тыс әр тарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан – жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

2. сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысы ның түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

3. сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушылрда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысу құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді.

4.сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Мысалы, балалар бірігіп спектакль қойды делік, онда өзара қарым – қатынас тәжірибесін меңгереді. Спорттық әрекетте балалар «бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» деген қағиданың маңызын жетті түсінеді.

5. сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның оның формалары мен әдістерін құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұған қосымша, одан шығармаршылық белсенділікті талап етеді.

6. сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпыжетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік беріді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте көп қиындықты туғызады.

7. сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата – аналар мен жұртшылықтың өкілдері қатыстырылады.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттері.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталады – балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгеруту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйсін қалыптастыру. Соған орай негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым

толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

Сабақтан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегі аталған міндеттерте көрсетілген.



  1. балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін - өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады.

  2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатыстыжағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.

  3. Балада әртүрлі көркемөнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушлықты баланың дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы керек.

  4. Баланың дүниетанымының компоненттері;адамгершілік, эмоционалдық, ерік – жігерін қалыптастыру.

  5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.

Жоғарыда аталған міндеттер тәрбие берудің ажырамас бөлігін құрайды.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының қызметі.

Білімділік қызыметі. Балаларда белгілі бір мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, ұжымдық өмірді, қарым – қатынас мәдениетін үйретеді.

Дамытушылық қызыметі оқушылардың психикалық процестерін, жеке- дара қабілеттерін дамытуды көздейді.

Тәрбие жұмыс мазмұнының ерекшеліктері.


  1. сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны баланың сезіміне, әсерленуіне назар аударуды міндеттейді.

  2. баланың практикалық әрекетін ұйымдастыруды көздейді.

  3. жаңа мағлұматтарды іздеу, сабақтан тыс әртүрлі тәрбие жұмыстарын атқаруда өздігінен жұмыс істеу біліктілігін машықтандыру.

  4. коммуникативтік біліктілік пен дағдысын тәрбиелеу.

  5. этикалық нормаларын сақтай білуге дағдыландыру.

Тәрбие жұмысының формасы.

Тәрбие жұмысының формасы деп – бұл тәрбие процесінің мазмұнында өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі.

«Тәрбие жұмысының формасы» оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендкермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымен, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын анықтайды.

ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ



ПІКІРТАЛАС

Пікірталас барысында оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды, олардың себептерін терең анықтап,адамдардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйренеді.

Пікірталастың мақсаты:оқушыларды ұжым болып пікір таластыруға, алмасуға, өз ойларын нақты жеткізе білуге, өз беттерінше ойлай білуге үйрету.

Пікірталастың негізгі мәселесі: дәлелді ой-пікірлердің айтылуы,фактілермен тұжырымдау.


САЯСИ ХАБАРЛАМА

Саяси білім берудің маңызды формасы, мемлекет саясатында болған оқиғалармен таныстыру.

Саяси шолуға арналған хабарда 1-2 жұма ішінде ел мен шетелде болған оқиғалар туралы хабар береді.



ТАҚЫРЫПТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Белгілі бір нақтылы тақырыпқа негізделе отырып, көкейкесті мәселелерді шешуге арналған.

Дайындық жұмыстары барысында оқушылар оның жоспарын құрады. Конференцияға алдын-ала баяндама әзірленеді. Ол жазба немесе ауызша сөйлеу мәдениетін дамытуға көмектеседі.

Конференцияны өткізу барысында хабарландыру ілінеді.

Тақырыптық конференция көбінесе жоғарғы сынып оқушыларымен ұйымдастырылады. Оның жұмысын ұйымдастыру оқушылардың өздеріне тапсырылады.



БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Ол әрбір оқушыны сынып ұжымының алдында ғана емес, бүкіл мектеп оқушыларының және ата-аналарының алдында өз пікірін білдіріп сараптауға дағдыландырады.

Бұл тәрбие жұмысының түрі балаларды байқағыштыққа, оптимистік көтеріңкі көңіл күйге баулиды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет