«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



бет9/42
Дата06.02.2022
өлшемі482,5 Kb.
#76610
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42
Бірінші кезең — мектеп бейнесін жасау.Ол өте күрделі және ұзаққа созылады. Мектеп бейнесін жасау — бұл педагогтардың, оқушылардың, ата-аналар мен өзге де әлеуметтік орта өкілдерінің мектептің тәрбие жүйесінің нақты немесе болжамды үлгісін жасауға және оның құрылымы мен дамуының жолдарын, субъектілері мен құралдарын анықтауға кіріктірілген мүмкіндіктері. Мектеп бейнесі тәрбие жүйесінің компоненттері мен өзара байланысқан бірнеше құрамынан тұрады.
Мектеп бейнесі мен тәрбие жүйесі
Компоненттерін құрастырудың өзара байланысы
Мектеп бейнесі құрамының әрқайсысына қысқаша сипаттама береміз.
Мектеп оқушысының немесе мектеп бітірушінің бейнесі,
бұл оқу орнының біртұтас бейнесінің басқа компоненттеріне, қарағанда детерминациялық жөне интеграциялық рөл атқаратын ең маңызды құрамдас бір бөлігі болып табылады. Тәртіп бойынша, мектеп бітірушінің жинақталған портреті оқу орнының мақсатымен мазмұнының иман тұрады өзара байланыс. Ал ол кезегінде педагогикалық процестің барлық элементтері мен оның субъектілерінің қызмет үйлестіріп отырған.
Оқушының немесе мектеп бітірушінің бейнесі жеке тұлғаның психологиялық және дене құрылысы, идеялық-адамгершілік сапаларының жиынтығынан құралады.Осы сапалардың деңгейі мен жинақталуы жайлы педагогикалық процеске қатысушылардың пікірі әр турлі, мұның өзі оқушылардың тәрбиесінде оларды кіріктіруге үлкен кедергі жасайды, сондықтан да мектеп бітірушінің бейнесі жайлы мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылардың
пікір бірлігін қолдауға және жинақтауға бағытталған арнайы әдістер мен тәсілдерді колдану керек.
Келесі құрамдас бөлік — бұл мектептің тіршілік әрекетінің бейнесі. Олоқу орныңдаға іс-әрекетті, қарым-қатынас пен араласа білуді ұйымдастыру туралы түсінікті, жүйе жасаушылардың байланыстары мен факторларды, оқушылар, мұғалімдер, ата-аналардың бірлескен тіршілік әрекетінің басым бағыттарын анықтауды қамтиды.
Іс-әрекет түрлерін жинастыру маңызды іс ғана емес, сонымен бірге мектептің өзіндік ерекшелігін қалыптастыруға қызмет ететін олардың сатысы да болуы керек.
Стиль, іскерлік, тұлға аралық қарым-қатынастың негізгі ережелері мен түрлері арнайы ойластыруды қажет етеді.
Баланың тұлғасын қалыптастыруға әсер ететін мүмкіндіктер мен ұжым мүшелерінің рухын анықтайтын оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тұлғараалық қатынастарының сипаты мен принциптері назарда болуы керек.
Мүғалім де, оқушы да мектептен өз орындары мен рөлін таба алса ғана мектеп бейнесі жеке мәнге және маңызға ие бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет