Дәріс 3. Қазіргі мектептің тәрбие үрдісіндегі педагогикалық қолдау
Мақсаты: Студенттерге педагогикалық қолдау баланың жеке қызығушылығын, мақсатын, мүмкіндігің анықтайтын, адамгершілік қасиеттерді сақтауға кедергі жасайтын жолдарды жоятын үрдістің маңыздылығын түсіндіру.
Дәріс жоспары
1.Педагогикалық қолдаудың мәні
2.Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері
Педагогикалық қолдау негізінің насихаттаушысы және әзірлеушісі Олег Семенович Газман болып табылады – танымал педагог, тәрбие саласындағы ірі теоретик және тәжірибеші, еркін педагогика және педагогикалық қолдау тұжырымдамасының авторы.
Педагогикалық қолдауды баланың жеке қызығушылығын, мақсатын, мүмкіндігің анықтайтын, адамгершілік қасиеттерді сақтауға кедергі жасайтын жолдарды жоятын үрдісі ретінде қарастыруға болады.
Оқытудың мәні - әлем туралы білім, тәрбие мәні - әлеуметті және мәдениетті құндылықтар, адамгершілік нормалар мен қатынас екенін біз білеміз. Педагогикалық қолдаудың мәні – тұлғалық таңдау, өзін - өзі табу. Педагогикалық қолдаинттелектуалдық дарындылықты қолдаудан (оқуға, талдауға, сынға қабілеттілік);
шығармашылық дарындылықты қолдаудан;
қабілетті айқындау мен дамытудан;
қауіпті топтағы балаларды қолдаудан
тұрады.
«Бала жақсы оқу үшін, оның оқу үлгерімі жақсы болу тиіс. Бірақ бұл парадокста педагогикалық істің маңыздылығы бар. Оқуға деген қызығушылық тек табыстан туған шабыт бар жерде ғана болады», - деген ұлы педагог В.А.Сухомлинский. Табыс – оқытудың ең маңызды және әсерлі дәлелі. Әр оқушы табысты, делелді, мұғалімдермен және ата – аналармен қолдаулы болу тиіс. Тек ынтымақтастық пен әсерлі қолайлық табысқа сенімділік береді.
Соңғы кезде «қолдау» атты сөз заманауи қоғамдағы балалардың білім мәселелеріне байланысты ескеріледі:
Мектептің тәрбие институты ретінде мәртебесі түседі, бұл жоспарда ол ата – аналармен балалардың әлеуметтік күтімді ақтамайды, осыдан білімге бағытталған мектептің талаптары мен қабілетінің қайшылығы пайда болады;
Балалардың интеллектуалды қабаттануы, жеке балалардың қолайсыздығы және өзін - өзі бекіту, өзін - өзі білдіру, өзін - өзі дамыту барлық балалар үшін қалыптастырудың қажеттілігі;
3.Педагогтардың балалар оқу жетістіктерінің және интеллектуалды еңбек адамдар жағдайының талаптар арасында;
4.Отбасының тәрбие әуелетінің оқу маңыздылығы және отбасы «жабуының» күшейуі арасында, оның мектеппен ынтымақтастықта болмауы;
5. Отбасындағы білім және педагогтар мен ата – аналарға арналған жаңа тәрбиелік мәселелер арасында.
Педагогикалық қолдау әр жағдайатта, оқушы өзінің дағдыларын жанжалда, қиын жағдайатта жаттықтыру, өз қабілетін дамыту үшін қажет, яғни өзінің айқындамасын табу, анықтау және құрастыру үшін.
Педагогикалық қолдау – оқушымен бірлесіп оның қызығушылықтарын, мақсаттарын, мүмкіндіктерін және оған адамгершілік қасиетті сақтауға, өзін - өзі ұйымдастыруда позитивті нәтиже қол жеткізуге кедергі жасайтын мәселелерді жеңу жолдарын анықтау.
Бала мен ересектің әрекет мәні бала мәселесін туындыратын шарттар болады. Олардың мақсаттары:
Осы шарттарды айқындау;
Талдау және дифференциялау;
Мәселені шешу үшін тірек болатындарын ғана ресурс ретінде қолдану;
Мәселені шешуге кедергі жасайтын жағдайларды жою бойынша қызметті жобалату.
Оларды жүзеге асыру тек келесі бағдарлау принциптері болса ғана мүмкін:
Тәрбие табиғат бейнелігі – балаға, табиғат бөлшегінедей қатынас, экологиялық таза даму орта жөнінде қамқорлықта және табиғатпен бірлікпен келісімде тәрбиелеу. Тәрбие тірі организм дамуының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады, физикалық дамудың ерекшеліктерін, денсаулық жағдайын ескереді, оның доминантты қажеттілігі қанағаттандыру үшін жағдай жасайды: қозғалыста, танымда, қарым – қатынаста, шығармашылықта.
Тәрбие мәдениет бейнелігі - «білім беру және мәдениет тұлғаны өсіріп тамақтандыратын орта ретінде».
Бұл принцип білімділік кеңістікте әр түрлі орталарды құрастыруды нұсқаландырады, олар жиынтықта даму, тәжірибе жүзеге асырылатын мектептің, сыныптың бір мәдениетті – білімділік кеңістігін құрастырады, шығармашылық тұлға ретінде өзін - өзі дамыту құндылықтырының идеяларына негізделетін мәдениетті өзін - өзі идентификациялауда көмек көрсетеді.
Жеке – тұлғалық тәсіл – бұл принцип білімділік үрдісінде оқушылардың жағдайын анықтайтын принцип, оны оқу – тәрбие ұрдісінің белсенді субъект ретінде танытады. Әр тұлға ерекше, сондықтан басты міндет оның ерекшелігін қалыптастыру, оның шығармашылық әуелетін дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.
Құндылықты – мәнді бағдарлау принципі - әр оқушымен өзінің оқу мен өмірінің мәнін табу үшін жағдай жасау.
Білімділік кеңістікте оқушылардың өмірәрекетінің әр түрлі орталарын құрастыру аясында келесі жұмыс бағыттары қолданылады:
Сынып имиджін құрастыру: сынып бөлмесін безендіру, мектеп рәміздерін, киімнің пішінді элементтерін енгізу, білімдердің қоғамдық сайысы.
Сыныпта танымды қолайлықтың атмосферасын құрастыру: диагностика және оқушылардың ақпаратты қажеттілігін, олардың танымдық әрекетке деген дайындығының өзекті деңгейін есепке алу, әр оқушының интеллектуалды қабілетінің және қоршаған ортадан ақпаратты алудың басымды тәсілдерінің диагностикасы (есте сақтау, зейін, өз ойын еркін түрде жеткізу).
Оқушылардың оқуға деген қажеттілігін қалыптастыру, табысты танымды әрекетінің тәжірибесі үшін жағдай жасау, ақыл еңбегінің нәтижесіне құрмет сезімдерін арттыру: сабақтардың сапалық мазмұны, оқыту сағаттары, викториналар, оқыған кітаптарды талдау, танымды ойындар, әңгімелер.
Білім берудің тұлға – бағдарлау мазмұның құрастыру, яғни әр оқушыға ақпараттың жеке – тұлғалық мәніне қарай орын табылады: құралдарды, дидактикалық материалдарды құрастыруда оқушылар мен ата – аналардың қатысуы, оқу сабақтарды жүргізуде ата – аналардың қатысуы, пәндер бойынша тапсырмаларды әзірлеу, ұжымдық шығармашылық істер.
Баланың оқушы ретінде табысты қалыптасуының белгілері:
білімдерде қажеттілік, адамгершілік мәдениеттің анықталған саласына деген қызығушылық, оны терең түрде зерттеуге дайындық, әлеммен ақпаратты қарым – қатынастың мәдениеті;
өз білім мекемесі, өз сыныбы, өз мұғалімі үшін мақтаныш: мектеп Жарғысында белгіленген құқықтар мен міндеттерді білу, оларды сақтау;
оқушының сыныпта, білім беру мекемесінде қолайлы сезімі, өзінің қорғаушылық сезімі;
өз сыныбының дәстүрлеріне берілгендігі, сынып жөнінде қамқорлық;
ересектердің тәжірибесі мен білімін құрметтейтін оқушы болуы.
Бірақ, толық көлемде оқушының қойылған мақсатқа қол жеткізуі өзін - өзі дамыту және өзін - өзі анықтау негізінде педагогикалық қолдаусыз мүмкін емес. Динамикалық әлемде оқушыны өмірге дайындау деген:
оған тек қажетті білімдерді беру ғана емес, сонымен қатар оларды меңгеру тәсілдері.
Бүгінгі күні оқушылардың көбі шын жүректен оқу білмейтіндерін мойындайды, сондықтан біздің міндетіміз – оқушыларға көмек көрсету:
а) әдіс – тәсілдерді, жалпы оқу білім – дағдыларды меңгеру;
б) олар оқуда қалып қоятындары жұмыс істей алмайтындарының себебін түсіндіру. Оларды оқуға қалай үйретуге болады? Бұл сұрақтың жауабын арнайы әдістемеде табуға болады, бұл әдістеменің негізінде үш бөлім бойы анықталған сабақ жүйесінің негізгі талаптары жатыр:
ақпаратты - әдістемелік білімдер, яғни әр пәнге негізгі болатын түсініктер, идеялар, теориялар;
әр зерттеу пәніне әмбепап болатын әдістемелік білімдер;
курс мазмұнында және сабақты ұйымдастыру түрлеріндегі мотивациялық, ынталандырушылық нұсқамалар.
Осы әдістеме үш блок арқылы жүзеге асырылады:
- Оқу ырғағын қалпына келтіру. Жазғы демалыстан кейін оқушылар нашар оқиды. Оқу ырғағының қалпына келуі оқу жылының басында басты міндет болып есептеледі.
- Ұзақ және күрделі мәтіндерді мазмұндау кезде әр түрлі тіректерді қолдану дағдыларын жетілдіру, тіректерді құрастыру технологиясымен таныстыру, сонымен қатар ғылыми және әдебиетті мәтіндерді мазмұндауға үйрету.
- Ақпаратты өзгерту. Бұл блокта түсінудің шектелуімен және оқушылардың ақпаратты өзгертуімен байланысқан аспект белгіленеді.
Бұл әдістеменің негізіне Ян Амос Каменскийдің оқытудың ұш деңгейі туралы ұсынысы енгізілген: бірінші ой жұмыс істеу тиіс, сосын есте сақтау, соңында ғана – қолдар.
Бұл үлгінің негізгі идеясы – білім деңгейін жоғарлату оқу құралдарына және өнімді әрекет тәсілдеріне бағыттауға байланысты. Ертедегі сөз «Білім барлық өмірге» қазір «Білім өмір бойы» деген сөздерге айналды. «Ғасыр бойы өмір сүр – ғасыр бойы оқы!» мақалын еске алуға болады.
Сонымен, бала мұғалімдер мен ата – аналардың қолдауын сезгенде ғана, оқыту сатыларында сабақтастық шарттарын сақтау кезде ғана табысты болады. Ата – аналармен педагогтар тығыз қарым – қатынаста жұмыс істесе ғана оқыту мен тәрбиеде табыс кепілденеді.
Достарыңызбен бөлісу: |