Дәріс 1 Тәрбие үдерісі- тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі Дәріс жоспары: Тәрбие мақсаты, міндеттері, мәні және ерекшеліктері.
Тәрбиенің қозғаушы күштері.
Тәрбие әдістері, оның мәні мен қызметі.
«Теория» ұғымы грек тілінде «зерттеймін» деген түсінікті береді. Ол педагогика саласында тәрбие және оқытудың мәні , мақсаты , принциптері , мазмұны жайындағы көзқарастардың жүйесін білдіреді. Бұл жүйе педагогикалық теорияның құрылымын анықтайды.
Теория педагогтарды әртүрлі жастағы адамдарды тәрбиелеу және білім беру процестерінің ерекшеліктері жайында кәсіби білімдермен қаруландырады, әр түрлі жағдайдағы оқу-тәрбие процестерін жобалауға және оны жүзеге асыруға, оның нәтижесін бағалауға көмектеседі.
Тәрбие- күрделі әрі ұзақ процес.Тәрбие педагогикалық әрекетте
Қарым ұатынас құралы ретінде жан жақты қарастырылады.
Тәрбие теориясы – тәрбиенің негізгі заңдылықтары , принциптері , ұғымдары туралы білімдердің жүйесін құрайды.
Тәрбие методикасы немесе әдістемесі – тәрбие процесін оның мақсат-міндеттеріне сай ұйымдастырудың көптеген амал-тәсілдерінің жиынтығы болып есептелінеді.
Тәрбие мақсаты дегеніміз не ?
Мақсат – бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесін сезіну деп түсіну керек.
«Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой санадағы көрінісі. Мақсат тікелей міндет ретінде іс қимылды бағыттап, реттеп отырады.Мақсат келешектегі, таяудағы тікелей, жалпылама, жеке, аралық және түпкі мақсаттарға бөлінеді.»
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан жақты дамыту , әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азамат етіп тәрбиелеу деп қарастырады.
Тәрбиелеу дегеннің мәнісі не ?
«Жас бала жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» дейді халқымыз. Жерге отырғызылған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп , жапырағы жайқалып , саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп , үзбей тәрбиелеуді керек етеді.
Тәрбие жеке тұлғаның санасына , мінез - құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.
Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап , іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру , олардың айналамен қарым-қатынасын , өмірге көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы.
Тәрбиелеу-халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту. Әл Фараби.
«Тәрбие -біз кімдерді тәрбиелейміз , солардың жүрегіне ықпал ету... Тәрбие бізге мәлім адамгершілік әдет ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп , бір адамның екінші адамға ықпал етуі» Л.Н. Толстой.
«Тәрбие кең мағынасында бұл рухани жағынан үнемі жетілу және баюда көпсалалы процесс» В.А. Сухомлинский .
«Тәрбие кең мағынасымен алғанда , қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп , сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз.Ал, енді адамзат туралы айтылғанда , адамның баласын кәміл жасқа толып , өзінеөзі қожа болғанша тиісті азық беріп , өсіру деген мағынада жүргізіледі» М. Жұмабаев.
Тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы , белсенді , іскер азаматты қалыптастыру болса , екіншіден , жеке адам үшін оны өмір сүре біліуге , өзін қоршаған ортамен қарым қатынас жасай білуге үйрету.
Тәрбие процесі деп қоғамның талап тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл ойын , сана сезімін , ерік жігерін , мінез құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып , дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз.
Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай өзіндік ерекшеліктері бар.
Тәрбие қоғамдық құбылыс.Себебі қоғамның материалдық жағдайының өсуі, идеологиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат міндеттері , мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері де толығып , жаңа жағдайға сәйкес жақсарыи отырады.Ал, қоғам дегеніміз адамдардың тіршілік ету, өмір сүру үшін топтасқан ортасы.
Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді.
Тәрбие біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке дара атқарылмайды , керісінше бір мезгілде , бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып дамуы тұтас процесс.
Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ер жеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса,ейінгі уақытта ол өзін өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.
Екіншіден , тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды.Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез құлқында дара епекшеліктері , қабілеттері , дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.
Тәрбие көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу , қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті , отбасы , мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты.
Тәрбие әдістері тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Себебі , тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді қолдану барысында жүзеге асады.Тәрбие әдістеріне берілген әр түрлі анықтамаларға талдау жасасақ, онда :
Жеке басқа ықпал ету құралы;
Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс әрекетінің өзара байланыс тәсілдері;
Тәрбиенің мақсатына сай оқушылардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы;
Тәрбие мақсатына жету жолдары ретінде қарастырылғанын байқаймыз .
Бұдан шығатын қорытынды, тәрбие әдістері деп тәрбиенің мақсат міндеттеріне сай оқушылардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету , жағымды мінез құлық нормаларын қалыптастыру және осы бағытта олардың іс әрекеттерін ұйымдастыру , ынталандырудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекеттерінде қолданатын амал тәсілдер мен құралдарының жиынтығы.
Педагогика оқулықтары мен ғылыми зерттеу еңбектерінде тәрбие әдістерін жіктеуге байланысты ортақ пікір жоқ . Дегенмен де қалыптасқан тәжірибе бойынша әдістерді негізінен 3 топқа жіктейміз .
Г.И. Шукинаның «Педагогика» оқулығында тәрбие әдістерін :
Жеке адамның санасын қалыптастыру ;
Қоғамдық мінез құлықты қалыптастыру , іс әрекетті ұйымдастыру ;
Мінез құлық пен іс әрекетті ынталандыру деп жіктесе, В.А. Сластенин бойынша оған қосымша :
Мінез құлық , іс әрекетке бақылау жасау , өзін өзі бақылауды ұйымдастыру және өзіне өзі баға беру әдістері деп те қарастырады.
Ғалым педагогтар Н.И. Болдырев , Н.Г. Гончарев , Ф.Ф. Королев еңбектерінде тәрбие әдістерін сендіру , жаттығу , мадақтау және жазалау деп қарастырады.
Жеке адамның санасын қалыптастыру немесе сендіру әдісі. Бұл тәрбие әдістеріне негізінен әңгіме , әңгімелесу , лекция , пікірталас , өнеге жатады.
Әңгімеде тақырыптың мақсаты айқын белгіленуі, мазмұны нақтылы фактілермен дәлелденуі, оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп, қарапайым тілмен нақтылы өмірге қатысты мәселелер қозғалуы қажет.
Әңгімелесу сынып ұжымының өмірі мен оқушылардың мүддесіне сай тақырыптарды талдау, оған олардың белсене араласуын , қойылған мәселеге сын көзбен қарап, нақтылы қорытындылар жасапу қажеттігі туындайды.
Тұлғаның идеялық сенімі мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда лекция тәсілі де қолданылады.
Тәрбие әдістерінің келесі бір түрі пікірталас тәсілі.Ерекшелігі, оқушылардың жай тыңдаушылар қатарында емес , керісінше қаралып отырған мәселеге олардың белсене қатысу жағдайында ұйымдастырылуы, оған ұжым болып пікір алмасуы , дербес ойлай білуге дағдылануы т.с.с. болып келеді.
«Ереже ұсынғанша өнеге ұсын» демекші сендіру әдістерін қолданғанда балаға шектен тыс мораль айтудан аулақ болған жөн. Оның санасы мен мінез құлқын қалыптастыруда өзін қоршаған ортаның ықпалы зор. Бұл орайда өнеге жеке бастың үлгісі негізінде тәрбиелеудің маңызы ерекше.
Қоғамдық мінез құлықты қалыптастыру, іс әрекетті ұйымдастыру немесе жаттықтыру әдісі.Бұл топтағы әдістерге талап қою , жаттықтыру , тәжірибелік жағдай туғызу, тапсырма беру жатады.
Мінез құлық пен іс әрекетті ынталандыру немесе мадақтау және жазалау әдістері.
Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары.
Кез келген тәрбие әдістерін таңдау:
Нақтылы сынып жағдайына;
Баланың жас және дара ерекшелігіне;
Оқушылар ұжымының қалыптасу дәрежесіне;
Тәрбиешілердің педагогикалық әдетімен балаларды қаншалықты жақсы білуі және білім дәрежесіне;