Тәрбие жұмыстарын жоспарлау технологиясы


Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарын ғылыми негізде жасауынын маныздылығы



бет2/5
Дата13.09.2023
өлшемі257,86 Kb.
#180916
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 4 Тәрбие

Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарын ғылыми негізде жасауынын маныздылығы.

Елімізде жүріп жатқан орта білім беру жүйесін реформалау ісі мектептегі тәрбие жұмыстарын ғылыми негізде ұйымдастыру қажеттігін туғызып отыр. Қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдай неғұрлым күрделене түскен сайын, соғұрльш мектеп оқушыларының да өсіп, жетілуінде толып жатқан кедергілер мен қиыншылықтар көбейе түсуде.

Әрбір мектептің кез-келген сыныбының жетекшісі арнайы жасалған нақты жоспарды басшылыққа алып жұмыс жүргізуі керек. Жоспар не үшін қажет?


1. Тәрбиенің мақсатын, стратегиялық және тактикалық міндеттерін нақты белгілеу үшін қажет.
2. Сынып ұжымын, жекелеген оқушыларды, сыныптагы оқу-тәрбие процесінің жай-күйін; қоршаған ортадағы жағдайды қосымша зерттей білу үшін қажет.
3. Тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру формаларын, мазмұнын, құралдарын ойластырып таңдап алу үшін қажет.
4. Ұжымның және жеке тұлғаның дамуындағы кемшліліктерді түзетіп, жұмыс жүргізу жоспарын жасау үшін, өзіңнің қызметінің нәтижесін жобалау үшін қажет. онымен қатар, жоспар жалпыадамдық және педагогикалық тұрғыдан өзінді-өзің жетілдіруіңнің деңгейін біліп отыру үшін қажет.
Көптеген сынып жетекшілерінде балалардың пихологиялық ситуациялардан туындаған айқын мақсаты мен тәрбиелік стратегиялық міндеттерін бағдарлау жобасын жасай бермейді. Кейбір мұғалімдер қалыптасқан дәстүр бойынша жоғарыдан нұсқау тапсырманы немесе арнайы жіберілген іс-шараны күтіп отырады.
Соның салдарынан сыньш жетекшілерінің ынтасыздығы мен әрекетсіздігі пайда болады. Кейде жоспарлар көшіріле салады да мазмұны кездейсоқ жазылады. Жоспарланбай, кездейсоқ жүргізілген тәрбие жұмыстары балалардың да, мұғалімнің өзінің де қызығушылығын туғызбайды.

Сынып жетекшілеріне кеңес: біріншіден, балалардың да жас ерекшелігін ескере тырып, сынып ұжымының даму деңгейін, тәрбие жағдайын (қала не ауьл мүмкіндіктеріне сай, нақты аймақтан, мектептің өзіндік ерекшелігін, педагогикалық ұжым мен айналадағы оқу-тәрбие мекемелерінің) ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиешінің негізгі мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет