Жастар тәрбиесі (15-18 жас)
Ұсынылады:
жастар тәрбиесі ел мен жер тұтастығын, ел тәуелсіздігін қадірлеуге, ар-ұят, намысты жоғары ұстауға, адал еңбекпен қызмет етуге, қоғам игілігі үшін азаматтық белсенділік танытуға, жауапкершілікті саналы түсінуге, салауаттық, зияткерлік құндылықтарына негізделген тәрбиеге басымдық берілуі тиіс;
ел болашағы үшін маңызды буын екендіктерін сезінуіне, отбасы алдындағы парызын, Отан алдындағы борышын өтуге белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік тәжірибелер мен жобаларға жастарды тарту;
ұлттың тарихи сана-сезімін жаңғыртудың маңыздылығы, тарихи төл шежіресін дәріптеуге айырықша мән бере отырып, халқымыздың ата-бабадан мирас болып қалған мұрасын дәріптеу, ұлттың кодын сақтауда жастардың бойындағы рухты ояту, отаншылдық пен мемлекетшілдік сезімдерін арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастыру;
отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасын құруға жауапкершілікті түсіндіруге бағытталған іс-шараларға тарту;
адал еңбекті жоғары бағалауға, еңбек адамын құрметтеуге бағытталған іс-шараларға тарту, кәсіптік бағдарын дұрыс анықтауға қолдау көрсету ұсынылады.
ҚҰРЫЛЫМЫ
1.Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері
2.Құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі жобалар:
3. 2023-2024 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ 130 бұйрығына 2 қосымшасы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 382 бұйрығымен құрылған тәрбие жүмысының жылдық жұмыс жоспары
4.2023-2024 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жылдық ц и к л о г р а м м а с ы
5.Білім мекемелеріндегі тәрбие саласы бойынша апталық ц и к л о г р а м м а с ы
НЕГІЗІ
I. Тәрбиені нормативтік құқықтық қамтамасыз ету
ІІ. Ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету
ІII. Іске асыру тетіктері: тәрбиенің басым бағыттары бойынша іс-шаралар
ІҮ. Кадрлық қамтамасыз ету
ЖОСПАР БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР
-Сынып жетекшілермен жұмыс
-Ата-аналармен жұмыс
- «Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы аясындағы жұмыстар
- Мектеп инспекторларымен жұмыс
-Құндылықтарды насихаттау жұмыстары
-Дәстүрлі тәрбиелік шаралар
-Тәрбие бағыттары бойынша жұмыстар
- Құқықтық тәрбие бағытындағы жұмыстар
- Мектеп парламентімен бірлескен жұмыс
-Мектепішілік ұйымдармен жұмыс
-Қоғамдық білестіктермен жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |