2-жүргізуші Ана тілін ұмытқан өз халқының өткенін де,болашағынан да қол үзеді.Солай емес пе?
1-жүргізуші:Өнер алды-қызыл тіл,
Ой толғаған сырлы тіл.
Қалауын тапса қар жанып,
Тас тілетін алмас тіл.
2-жүргізуші Тіл туралы ребус шешу (тіл- тас жарады,тас жармаса- бас жарады)
1-жүргізуші Жүсіпбек Аймауытов «Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып өзге пәндерді түсіну мүмкін емес.Ана тілі-жүректің терең сырларын,халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп,сақтап отыратын қазына»
7-оқушы:Ана тілім,жүрегісің анамның,
Жүрек Ана,мен өзіңнен таралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.
8-оқушы:Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам.
Анашымды ұмытқаным емес пе,
Ана тілім,егер сені ұмытсам.
1-жүргізуші Келесі кезекте біздің оқушылардың қазақ тілінде мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін байқап көрейік.
Достарыңызбен бөлісу: |