Мақал-мәтелдер сайысы:
1 топ «Алғырлар»
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).
3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).
4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ).
8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар).
9. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ).
10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең).
2-топ «Тапқарлар»
1. Бал тамған тілден ... (у тамған).
2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).
3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс).
4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).
5. Тіл қылыштан ... (өткір).
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді).
8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың).
9. Тілден артық ... (қазына жоқ).
10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).
Енді біздің оқушылардың мемлекеттік тілді қалай меңгергендігін викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы сынап көрейік.
Викториналық сұрақтар:
1-топқа:
1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
3. Шоқанның әжесі? (Айғаным).
4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш).
5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).
2-топқа:
1. Тіл туралы Заң қашан қабылданды? (1997ж 11шілде)
2. Абайдың туған жылы? (1845).
3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).
4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
5. Әліппенің атасы кім? (А.Байтұрсынов).
2-жүргізуші Әр адамның қасиеті мен мәдениеті өз халқын,өзінің атамекенін қалай білуімен өлшенбек.Ананың ақ сүтіне,уызына жарыған адам қашан да отаншыл,ұлтжанды болмақ.Әркімнің өз тіліне деген құрметті өз анасына,өз ұлтына,өз Отанына деген құрмет деп білуі керек.
1-жүргізуші Елім деп еміреніп,тілім деп тебіренген ақын Мұхтар Шахановтың осындай керемет отты өлеңі тәрбие сағатымыздың арқауы болып отыр.
Бастаушы:Міне,құрметті ұстаздар,оқушылар,әдеби-сазды кешіміз аяқталуға жақын қалды. «Ана тілі-бәріміздің анамыз,өйткені ол-ұлтымыздың анасы», «Ана тілін қадірлеу-әр азаматтың перзенттік парызы» демекші,анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмытпай ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу-мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз…Келесі кездескенше ел аман,жұрт тыныш болсын.Тілімізді қастерлеп,биік тұғырынан түсірмейік ағайын!
Достарыңызбен бөлісу: |