Қолданылатын ресурстар:
слайдтар,тағам суреттер, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, тыйым сөздер.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ -жауап,әңгімелеу
Сабақты ұйымдастыру
Сыныптың психологиялық ахуалын құру, топқа бөлу шеберлігі.
Шаттық шеңбер әдісімен бір-біріне жылы лебіздерін айтады
Кезеңдері
Берілетін тапсырмалар
Жұмыс түрі
топтық
Жаңа сабақ.
Мазмұнын ашатын топтық, жұптық тапсырмалар беру.
Көрнекілігі: тамақтану туралы жазылған нақыл сөздер, тағам, жеміс-жидектердің суреті.
Барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі
Бүгінгі күн терезеден,
Бізге күліп, тұр қарап.
Сондай жақсы көңіл-күймен,
Басталады бұл сабақ.
ІІ. Кіріспе әңгіме
-Балалар, адамның басты байлығы не деп ойлайсыңдар?
-Иә, халқымыз «Бірінші байлық –денсаулық» деп тегін айтпаған.
-Денсаулық мықты болу үшін не істеуіміз керек?
-Балалар, дұрыс тамақтану керек.
-Сонымен, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» (дәптерге күн мен тақырыпты жазғызу)
Слайд
Тамақтану-адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. Адамның денсаулығы көбінесе қалай тамақтанғанына байланысты. Адам үнемі күш-қуат жұмсайды. Соны қалпына келтіру үшін ол дұрыс тамақтана білуі тиіс.
-Дұрыс тамақтану дегенініміз бұл аз-аздан әртүрлі тамақтарды қабылдау.Ағза үнемі жұмыс атқарады. Сондықтан үнемі тамақтануды талап етеді. Тамақ арқылы адам қуат алады. Осы қуаттың арқасында адам жұмыс істейді, қозғалады, спортпен айналысады.
-Тамақты жеткіліксіз мөлшерде ішу немесе мөлшерден артық ішу де ағза үшін өте зиянды.
ІІІ. Тамақтану мәдениеті
- Әрбір адам тағамнан 1 тәулікте жұмсайтын қуатына сай тамақтануы тиіс.
- Күніне 4 не 5 рет тамақтану тиімді.
- Тамақты күн сайын бір мезгілде қабылдау керек.
- Қатты ыстық тамақты, қатты суық тамақты ішуге болмайды, тістің эмалін бұзады
- Ақырғы тамақтану ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болу керек.
- Тамақтын түрін өзгертіп тұру керек
-Қайнатылған, буға піскен тағам пайдалы.
- Тамақты асықпай шайнап жеу керек
- Сұйық тағамдарды көкөніс, жемісті көп қолдану керек
- Сүт, суттен жасалған қышқылтым тағамды жеу керек
ІҮ.Тамақтану ережелері
-Тамақ ішер алдында қолды жуу керек
- Дастархан басында түзу отыру керек
-Тамақ ішкен кезде сөйлеме
-Тамақты әдеп сақтап, жақсылап шайна
Ү.- Қандай құнарлы, пайдалы тағамдарды білесіңдер? (оқушылар жауаптарын тыңдау)
Бағдат:
Қыдырып келдің бе,
Болдың ба сыныпта.
Тамақтану алдында
Қол жууды ұмытпа!
Кештетпей уақыттан,
Төрт рет тамақтан.
Жалқаулықты қуатын,
Сымбат:
Сүт пен ірімшік,
Қаймақ бар, айран бар.
Бұлармен дос болмай,
Аласың қайдан нәр?
Амира:
Табиғат сыйлаған,
Жеміс пен көкөніс.
Бойына жинаған,
Дәруін алып өс.
Ақыл мен көркімді,
“Толтырды”- дегейсің.
Қарсы алып әр күнде,
Сүйсініп жегейсің!
Шахназар:
Ата - Ана, құрметті,
Жек көрер кім етті?!
Мен өсіп келемін,
Балық пен тауық бер,
Күніне бір мәрте,
Бұларды тауып бер!
Алина:
Ботқаны дайындар,
Әр түрлі жармадан.
Диқандар дән егіп,
Еңбегін арнаған.
Нан – тағам әл берер,
Қуаттың қайнары.
Ер жетіп өсуге,
Бұл тағам пайдалы!
8. Аружан:
Көп сусын ішесің,
Күн ысып, жаз болса.
Пайдасы жоқ оның,
Ішінде газ болса.
Шырын мен таза су,
Асыңды қортады.
«Бояу, газ» қосылса,
Асқазан “қорқады”.
ҮІ. Жұмбақтар шешу
– Әрі сусын, әрі дәрі ,
Емге ішеді жас пен кәрі.
Малдың сүті ,елдің құты,
Деп бағалар жұрттың бәрі ./Қымыз/.
-Қымыз деген не?
-Қай малдың сүтінен ашытылады?
Жатам құстар тобына,
Азығымын адамның.
«Ы»-ны қоссаң соңыма,
Жылқы етімін – тағаммын.
(Қаз - Қазы)
- Қазыны қай малдың етінен дайындайды?
-Қазақтың ұлттық сусыны қымызбен, жылқы етінен жасалған қазы мен қартаның тағамдық құндылығын бабаларымыз дәлелдеп кеткен. (суреттерімен көрсету)
Қазақ тағамтану академиясының академигі Төрегелді Шарманов аталарыңның ұлттық тағамдарымыз қымыз бен жылқы еті туралы кеңесіне құлақ түрейік.
ҮІІ. Видеоролик 4 мин
Жеке
Топтық
Үйге тапсырма
Синтез, жинақтау деңгейіндегі
Қызықтыратын, өз қалауымен ізденетін тапсырма беру.
Денсаулық туралы эссе жазу
Жеке
Бағалау.
Критериалды түрде
Қорытындылау: - Қазақ халқының негізгі ежелден келе жатқан тағамы ет пен сүттен жасалған өнімдер. Олардан көшпелі жағдайда ұзақ сақталатын түрлі тағамдар дайындаған. Мысалы, қазы, шұжық, сүрленген, қақталған, ысталған ет өнімдері ұзақ сақталады, әрі өте дәмді. Ал сүт өнімдерінен айран, ірімшік, қымыз, шұбат сусындары дайындалады. Ұлттық тағамнан қол үзуге болмайды
Тотық
Тәрбие сағат жоспары Сыныбы: 2 Сынып жетекші: Мараханова А Тексерілді: 24,01.2017ж
«Еңбек түбі береке»
Достарыңызбен бөлісу: |