Мақсаты Мақсаты: Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. .
Күтілетін нәтиже . Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.
Қолданылатын ресурстар:
Президентіміздің суреті,ту,елтаңба,еліміздің мақтанышы,жеңімпаздарының суреттері мен даналық сөздер.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап
Сабақты ұйымдастыру
Сыныптың психологиялық ахуалын құру, топқа бөлу шеберлігі.
Патриоттық өлеңдерді оқыды
Кезеңдері
Берілетін тапсырмалар
Жұмыс түрі
Топтық
Жаңа сабақ.
Мазмұнын ашатын топтық, жұптық тапсырмалар беру.
Жүрісі: Қіріспе әңгіме.
Армысыздар қадірлі қонақта, ұстаздар, оқушылар! Жетпіс жыл бойы құлбырауға маталған қазақ халқы да 1986 жылдың желтоқсанында тар жол, тайғақ кешуден өтті. Жанартаулар бұғып жатып бір күнде атылды. Сол сияқты 1986 ж желтоқсан оқиғасы да қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күні еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді. Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын-сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен ерлігі ұрпаққа жетеді. Сол желтоқсан құрбындарын бүгін 2-сынып оқушылары құрметпен еске алып, олардың рухына бас иеді. 1- жүргізуші: Желтоқсан- заман талғағы байтақ даланың 1987 жылы 20 тамызда үкімді күшінде қалдырды. Қайратты сот ақтық сөзіңді айт деп тағы қинады.
Осы айтылған ақтық сөз,
Туың болсын әрдайым
Мойныма алып жаланы
Мен болайын құрбаның.
Күнәдан таза басым бар
Жиырма бірде жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең, алыңдар!
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең атыңдар.
Мен не етермін,не етермін
Мен келмеске кетермін
Көрмеген, қош бол таңдарым.
Көре алмай мен өтермін.
(көрініске қатысушылар сахнадан кетеді).
Жүргізуші: Қайрат Семей түрмесінің 21-ші камерасында 21 жасында 1988 жылдың 21 мамыр күні дүниеден өтті. 1992 жылы 21 ақпан қайтадан ақталды.
Желтоқсан оқиғасы Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.
Мұғалім: Ендеше сол желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық.(орнымыздан тұрып).
Оқушы:
Оянды, халқым, оянды
Асырды іске қиялды.
Ел көзін ашты баяғы
Босашы дейін баянды.
Оқушы:
Шектеліп ана тілімізді
Оқылмай, өлең – жырымызды
Жабылып жатса мектептер
Жадырар қалай күніміз.
Хор: «Қара бауыр қасқалдақ.»
Оқушы:
Бұрқ етті қазақ баласы
Кеудеде өршіп наласы
Алаңға қарай ағылды
Таусылып барлық шарасы.
Оқушы:
Жібердік еркін ат басын
Қиянат жанға батпасын
Тоқырау таңын күйреттік
Деп « Теңдік күні батпасын!»
Оқушы:
Жанымыз жомарт қазақпыз
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.
Жасайық басты бауырлар
Жанайық жансақ маздап біз.
Хор: «Желтоқсан желі»
Мұғалім: Тас қамалдың арғы бетінде отырған Қайрат неше жерге шағымданса да олардың өз мүддесіне аспайтынын біле алмады.
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат пен Сабира
Құрбаны болған жаланың.
Желтоқсан- жастық қазбалап тегін сұрама.
Анартау тектес атылмай бір күн тұра ма.
Осылай халқым созылған тура үш ғасыр
Ойналып бітті драма.
2-жүргізуші:
Желтоқсан-жеңіс. Желтоқсан-ұлы жаңалық,
Нохат деп оны нәубетке қойған саналық.
Жәнібек,Бұхар,Абылайдан қалған бар болсын.
Азаттық! Елдік! Даналық!
Хор: Желтоқсан желі.
Рас, досым, 86 есімде
16 желтоқсанның кешінде,
Намыс кернеп, шықтық біздер алаңға,
Шындық үшін «тар жол, тайғақ кешуге»
Оқушы:
Біз отанды қаралауға бармадық.
Сол үшін де қолға қару алмадық.
Қайта қолда қаруымыз сөз болып
Біз отандық Әділетті қорғадық.
Оқушы:
Желтоқсан айы естесің
Дауыл боп бұрқап ескенсің.
Азаттық күйі қашаннан
Көкейін елдің тескенсің.
Жүргізуші: Арада 4 жыл өткен соң 1990 жылы 17 желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылып, желтоқсан оқиғасын зерттеу комиссиясының төрағасы Мұхтар Шаханов жастарға арнаған жалынды өлеңін оқыды.
• Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз,қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Отан деген не, кім қалай түсінеді?
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін,
Достым білгің келе ме?
Жангелді: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай көлімізді.
Нуртас: Отан дейміз кең-байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Әсел: Отан- тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, өз- халқың.
Отан – өлең, Отан-жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Ержан: Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
Ербол: Отан – осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
«Отан» деп өс жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл!
Хор: «Отан»
-Біздің Отанымыз қалай аталады?
-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
-Қазақстан Республикасының президенті кім?
Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.
Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.
Базарбек: Туған өлкем
Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
-Қазақстан Республикасының президенті кім?
Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
Аумалы- төкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, халық жағдайын жасаған шешендері, білімпаз билері, әр елде, әр ауылда сөз тыңдар ақсақалдары болған. Қазақта аты аңызға айналған Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би сияқты би-шешендер өте көп.
Көрініс: «Үш арыстың үлгілері»
Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы.
Ардақ: «Туған тілім»
Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.
1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.
Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің
халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Нұрислам: Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар
шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді.
Айнұр: Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбәт, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен клешек арманы айтылған.
Ернар: Оттай жанып жанарың
Одан қуат аламын
Әнұран ол - тынысы
Кең жазира даламның.
Отан туралы өлең-жырлар.
Айнұр: «Үш бақытым»
Ерсұлтан: «Отан»
Мархабат: «Отан туралы»
Мұғалім: - Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?
- Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.
- Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз?
«Жалғасын тап» ойынын ойнайық.
Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.
Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді.
Б- білімімді арнайтын
О- отанымды қорғайтын
Л- лаңкестікті даттайтын
А- адалдықты жақтайтын
Ш- шуағымды шашатын
А- асулардан асатын
Ғ- ғарыш сырын меңгергн
Ы- ынтымақты тең көрген
М- менмендікті жек көрген
Қ- қазаққа қызмет ететін
А- арманына жететін
З- заңды жақсы білетін
А- алға қарай жүретін
Қ- қайырымды елімнің
С- салтанатты жерімнің
Т- толықтырам сенімін
А- абыройын,жігерін
Н- намысын қолдан бермейтін
Бәрі: Мен боламын еңбекқор,
Болашағы елімнің!
Ән «Көк тудың желбірегені».
Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары
Жеке
топтық
Достарыңызбен бөлісу: |