Тәрбие сағат жоспары Сыныбы: 2 Сынып жетекші: Мараханова а тексерілді: 14 10. 2016ж



бет20/30
Дата22.01.2022
өлшемі1,44 Mb.
#129600
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
Байланысты:
2-сынып тәрбие сағаттары

Тоқым қағу. Тоқым қағу – баланың туған үйден бірінші жолға шығуына арналған той. Өз бетінше атқа отыруды үйренген бала, туған үйінен алғаш рет алысқа шығады. Оның ата-анасы баласының бірінші рет жолға шығуын ғана емес, үйге аман-есен оралуын да атап өту үшін мал сойып, той жасаған.Бұл тойға ақсақалдарды шақырған. Қонақтар домбыра тартып, ән шырқап, айтыс ұйымдастырып, түрлі ойындар ойнап, көңіл көтереді.

Тілашар. Бала жетіге толғасын, білім алу үшін мектепке барады. Бұл күні баланы ерекше жақсы киіндіріп, мектепке қажетті құралдар ұсынады және шағын той жасайды. Бұл той «тілашар» деп аталады. Үлкендер жағы балаға бата беріп, «ғалым бол, ақын бол... және тағы басқа да» тілектер айтады. Баланың жаңа заттарына байғазы береді. Тәрбиенің мұндай әдісі балаға оған үміт артылғанын, өзінің ержеткенін, ол үшін жаңа әлемнің есігі ашылғанын сезінуге мүмкіндік береді.Қазақтың тағы қандай салт-дәстүлерін білесіңдер? /Балалардың жауабын тыңдау/



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет