Сүндетке отырғызу. Сүндетке отырғызу араб елдерінен шығып, мұсылман жұртына тараған. Ер баланы сүндетке 3,5,7,9 жаста отырғызады. Сүндетке отырғызу мұсылмандық парыз болып саналады. Бұл балаға ер жетіп азамат болдың деген ойды ұғындырады. Сүндетке отырғызу бала өміріндегі қуанышты кезең болғандықтан «сүндет той» жасайды.
Ашамайға мінгізу. Балаға 6-7 жасқа келгенде ат сыйлап, қолына салтанатты түрде қамшы береді.Сосын атты ерттеп, баланы отырғызады, оған жігіт болғанын түсіндіре-ді. Бұл баланың рухын көтеріп, жауапкершілікті сезінуге көмектеседі. Осындай салта-натты сәтте атасы немересіне бата беріп, әжесі шашу шашады, сыйлықтар, тәтті тағам-дар береді. Балалар бәйге ұйымдастырып, ересектер шағын той жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |