Тәрбие сағат жоспары Сыныбы: 2 Сынып жетекші: Мараханова а тексерілді: 14 10. 2016ж



бет11/30
Дата22.01.2022
өлшемі1,44 Mb.
#129600
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
Байланысты:
2-сынып тәрбие сағаттары

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Оқушыларды мақал - мәтелдердің мағынасын түсінуге, оларды айта білуге үйрету.


2. Тілдерін ұштау, шешендікке баулу.
3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
1. Оқушыларды мақал - мәтелдердің мағынасын түсінуге, оларды айта білуге үйрету.
2.Тілдерінұштау,шешендіккебаулу.
3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қолданылатын ресурстар:

Мақал-мәтелдер суреттері мен даналық сөздер.Еңбек түбі береке.Жақсы жұмыс -жанға тыныс



Әдіс-тәсілдер

Сын тұрғысынан ойлату,кезбе тілші



Сабақты ұйымдастыру

Сыныптың психологиялық ахуалын құру, топқа бөлу шеберлігі.

Берекелі дастархан өлеңін оқу
Кезеңдері

Берілетін тапсырмалар

Жұмыс түрі

Топтық


Жаңа сабақ.

Мазмұнын ашатын топтық, жұптық тапсырмалар беру.



Мұғалім: «Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – сөз, сөздің көркі – мақал», – дейді халық. Мақалдар адам тұрмысындағы әр түрлі оқиғаларды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді, ойды ажарлайды. Сондықтан да халық сөздің көркі – мақал деп бағалаған. Ал мақалдар сөздің көркі ғана емес, сонымен бірге халық өмірінің шежіресі.

1 - оқушы: Мейр. Мағжан:


Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер

2 – оқушы: Айгүл:


Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.

3 – оқушы: Ұлжан:.


Еңбектің көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.

4 – оқушы: Алтынбек:


Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең, жерге өкпелеме.

5 – оқушы: Мөлдір:


Ерінбесең, еңбегің өнеді.

6 - оқушы: Ақсұлу


1. Еңбексіз мал дәметкен – қайыршылық.
2. Еңбектен қашқан, дөңбекке жолығады.
3. Еңбек етпеген азады..
4. Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.
5. Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар.

3 - оқушы: Мағжан:


1. Орайы келсе, орақ ор,
Кезі келсе, кетпен шап.
2. Еңбек – адамның екінші анасы.
3. Ерінбеген етікші болады.
4. Керек тастың ауырлығы жоқ.
5. Еңбекке үйренем десең, ерінбе.
Өнерге үйренем десең, жерінбе.
Келесі айналым: Жүргізуші мақалдың алғашқы жолын оқиды, әрі қарай ойынға қатысушылар қолын көтеріп жалғастырады.
1. Еңбегің қатты болса,…(татқаның тәтті болар).
2. Еңбек түбі – береке,…(көптің түбі – береке).
3. Істегенің еліңе жақсы,…(үйренгенің өзіңе жақсы).
4. Отынды шапқанға жақтыр,…(малды тапқанға бақтыр).
5. Ексең егін,…(ішерсің тегін).
6. Етік тіге алмаған,…(біз таңдайды).
7. Көсеуі қысқаның,…(қолы күйер).
8. Берген – алар,…(еккен – орар).
9. Еңбек етсең ерінбей,…(тояды қарның тіленбей).
Ең аз ұпай алған ойыншы ойыннан шығады.
Екінші айналым: Екі ойыншының біреуі мақал айтады. Екіншісі соның ішіндегі бір сөзге мақал айтады. Сосын кезектеседі. Мүдірген оқушы жеңіледі.

1 - оқушы: Бекнұр:


Еңбек ет те мақтан,
Ойнап күл де шаттан.

2 - оқушы: Жарас:


Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

2 - оқушы: Динара:


Ердің атын еңбек шығарар.

1 - оқушы: Асылай:


Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.
1 - оқушы: Мәдина:
Ерінбесең еңбегің өнеді.

2 - оқушы: Таңшолпан:


Еңбегі көптің өнбегі көп.

2 - оқушы: Ақырыс:


Жері семіздің – малы семіз.

1 - оқушы: Мейрамбек:


Мал өсірсең, қой өсір,
Пайдасы оның көл - көсір.

Жеке

топтық


Үйге тапсырма

Синтез, жинақтау деңгейіндегі

Қызықтыратын, өз қалауымен ізденетін тапсырма беру.
Еңбек туралы эссе жазу

Жеке
Қорытынды: Мұғалім: Сонымен оқушылар, мақалдың өміршеңдігі мен қолдану аясының кеңдігінің сыры неде? Әрине, тілдің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде. Аз сөзбен көп мағына беретіндігінде. Осымен «Еңбек түбі – береке» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет

 
Тотық

Тәрбие сағат жоспары Сыныбы: 2 Сынып жетекші: Мараханова А.А Тексерілді: 27,12.2016ж

«Желтоқсан ызғары »



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет