ІІІ бөлім
«Ақиқат» тобына: Сұрақ: 36 - бап, 1 - тармақ. Қазақстан, әрбір, азаматының, парызы, оның, және, Республикасын, қасиетті, міндеті, қорғау,
«Заңгерлер» тобына: Сұрақ: 22 - бап, 1 - тармақ. Құқығы, бостандығына, бар, ар - ождан, әркімнің.
«Болашақ» тобына: Сұрақ: 14 - бап, 1 - тармақ. Тең, алдында, мен, бәрі, заң, сот, жұрттың.
ІV - бөлім
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздік рәміздері»деп аталады. Әр топ парақша таңдау арқылы, тақтадағы суретке қысқаша анықтама береді.
Ақиқат тобына: (ту суреті)
Заңгерлер тобына: (елтаңба суреті)
Болашақ тобына: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны:
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
V бөлім.
«Жағдаяттық сұрақтар».
«Ақиқат» тобына: Мәдина түрік жігітіне тұрмысқа шықпақшы, бірақ ата - анасы қарсы. Себебі, олар Мәдина ҚР - ның азаматтығын жоғалтады деп қорқады және өз еліне келе алмайды деп алаңдайды. Мәдина азаматтығын жоғалтады ма, әлде?
«Заңгерлер» тобына: Ирина мен Қайрат ҚР - ның азаматтары. Бірақ олар Украинада келісім бойынша жұмыс жасайды. Олардың отбасында ұл бала дүниеге келді, балаға қай елдің азаматтығы беріледі?
«Болашақ» тобына: Қарт адам Париж қаласындағы ҚР - ның елшілігіне келіп, оған ҚР - ның азаматтығын беруді өтінді, бірақ ол кісі жасырынып жүрген, халықаралық соттың шешімімен өмір бойы темір тордың ар жағында отыруы керек қылмыскер болатын. Оған азаматтық беріле ме?
Достарыңызбен бөлісу: |