Тәрбие сағаты «Қарты бар үйдің қазынасы бар» Дайындаған: Ревшанова т тексерген: Ашикбаева О. Тақырыбы: «Қарты бар үйдің қазынасы бар»


Көрініс: Атасы мен немересі Оқушы



бет2/3
Дата05.03.2023
өлшемі472,63 Kb.
#171103
1   2   3
Байланысты:
(5)

    Бұл бет үшін навигация:
  • Оқушы
Көрініс: Атасы мен немересі
Оқушы:Ата-әже ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би.
Сіздер үшін мереке шашулары.
Оқушы:Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Оқушы: Атам менің әманда,
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпе көлденең
- Рахмет, балалар, құрметті ата - әжелеріміз оқушылардың орындауында:
Ән «Ақ әжем»
Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем?

Шай қайнатып келейін,


Шекер салып, жан әжем.
Өзім құйып берейін.
Балдай тәтті бал әжем. /2рет.
- Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке - шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол - үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата - анасы оның отбасының құты болып табылады.
Қарт кісіні құт - береке деп танысақ - ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата - ана әр кезде де бақытты.
- Олай болса біз ата - әже, әке - шеше туралы жаттаған мақал - мәтелдерімізді айтсақ қалай қарайсыздар?
1 - оқушы: Үлкенге үнемі сәлем бер.
2 - оқушы: Үлкенге қарсы шықпа
3 - оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал.
4 - оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе.
5 - оқушы: Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең
6 - оқушы: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.
7 - оқушы: Ақылды қария – ағып жатқан дария.
8 - оқушы: Өткен менен кеткенді,
Көп жасаған қарт білер.
- Жарайсыңдар, жақсы да, нақыл да, асыл сөздерді тыңдап көп ой түйген болармыз деп ойлаймын.
Ия, дұрыс айтасыздар құрмет, ізет, мейірімділік деген сөздің мағынасы осы. Кәріліктің өзінің сәні – мәні бар. Ата - анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата - анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып - қағатын болады.
Қарттар үйінен видеоролик
Би: Өзбек биі
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара - пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
- Балалар, бата деген не?
- Батаны кім береді?
-«Үлкеннен бата алуға асық!» деп айтып жатады осы нақыл сөзді қалай түсінесіздер? Тамаша, балалар, олай болса, қазір, осы жерде отырған жасы үлкен атамыз шығып, болашақ азаматтарымызға батаңызды берсеңіз деп өтінеміз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет