Тәрбие сағаты: «Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар»
Күні: 11.03. Сынып: 7 «а»
Мақсаты: Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығына орай батыр бабаларымыздың ерліктерін еске түсіру, насихаттау арқылы оқушы бойында патриоттық рухты, еліне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: постер, маркелер, интербелсенді тақта, батырлардың суреттері.
Мұғалім:
-Құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер!
«Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Кешегі неміс-фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды. Соның бірі, бірі емес бірегейі – қазақтың батыры Бауыржан Момышұлы. Бауыржан Момышұлы деген есімді естігенде ең бірінші патриот, еліне адал адамның бейнесін елестетесің. Батыр атамыз соғыстан оралғаннан кейін батырдың қаруын қаламға айыбастағанын білеміз. Ол майданда бір ерлік етсе, сөз майданында екінші ерлік көрсете білді.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз қазіргі бейбіт өмірді өздеріінң өмірін қия отырып, жанкештікпен ерлік көрсеткен батыр бабаларымыздың рухына арналады. Біз жыл сайын осы атаулы мерекеге орай түрлі шаралар өткіземіз, көптеген ардагерлеріміздің өмірін, батырлығы мен батылдығын паш ететін ақпараттармен танысамыз. Ендеше біз Ұлы Отан соғысы туралы не білеміз екен Өз білетінімізді ортаға салсақ.
Ұлы Отан соғысы қашан,қалай басталды? Жауларымыз қандай мақсатты көздеген екен?
Меруерт: Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.
Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ біз ешкім де, ештеңе ұмытпауы тиіс! Себебі, бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!
Дариға: Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусымда түнгі сағат 4-те Кеңес Одағының шекарасын бұзып кірген сәттен басталды. 4 жылға созылған соғыста 1млн 200 мың Қзақстандық қатысып, қаншамасы соғыстан оралған жоқ.
Келесі бейне роликке назар аударыңыз!
Бейнеролик көру
Балалар жаңағы бейне роликтен қандай арыстардыкөрсетіп өтті,олар туралы не білесіңдер??
Балалар: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Алия Молдағұлова, Талғат Бегильдинов және т.б.
Мұғалім: Ал енді балалар 3 топқа бөлінейік: 1 топ – батыр аталарымыздың өкілдері; 2 топ – Ұлы Отан соғысының жыршылары; 3 топ – батыл қыздарымыздың өкілдері. Тапсырмалара: 1 топ: батыр аталарымыз туралы ақпарат жинақтап,оны постерге түсіреді. 2 топ: Ұлы Отан соғысы жылдары жазылған өлеңдерді мәнерлеп оқып, таныстырады . 3 топ – Батыр қыздарымыз туралы деректер мен ақпараттар жинақтап, көріністі ортаға салады. Топтық жұмысқа 5-7 минут беріледі.
Мұғалім: Келесі кезеңде Біз Ұлы Отан соғысындағы батырлар туралы,олардың ерліктері туралы білімдерімізді ортаға салу үшін шағын викториналық сұрақтарға жауап беріп көрелік
Сұрақтар:
Ұлы Отан соғысы қашан басталды? 1941 жылы
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстаннан неше адам армия қатарына алынды? 1млн 200 000 адам
Ұлы Отан соғысының батыры, әрі жазушы кім еді? Б. Момышұлы
Жамбул Жабаевтың соғысқа қатысты өлеңін ата? Ленинградтық өренім
Қанша қазақ кеңес Одағының батыры атағын алды? 97
Ұшқыш ,2 мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған кім?
Ұлы Отан соғысы қашан аяқталды? 1945ж
«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды.
Мұғалім: Келесі кезең шығармашылық тапсрымаларға арналады.Біз өзіміздің көрген,білгенімізді, ойға тоқығанымызды, жанымызбен түйсініп, бір ой қорытындысын шығарсақ.
1 топ – «Менің мақтан тұтатын батырыма хат» тақырыбында хат жазады,
2 топ – Ұлы Отан соғысы,батырлар ерлігі тақырыбында өлең шығарады,
3 топ – «Жеңіс оңайлықпен келген жоқ» атты тақырыпта ойтолғау,эссе жазады.
Слайд материалдарын қолдану.
Әрбір топтан 1-2 оқушыдан өз шығармашылық тапсырмаларын ортаға салады. Ал балалар өз пікірлерін білдіріп, толықтырады.
Мұғалім: Ал енді «Мен атамды мақстан етемін» айдарына көшсек. 7-сынып оқушылары Ануар мен Иса да өз аталары туралы ортаға салғысы келеді.
Оқушылардың әңгімесі
Мұғалім: Ал енді бүгінгі тәрбие сағатымызға қорытынды жасайық. Бүгінгі тәрбие сағатымыздаөздерің қандай ой түйдіңдер, сендерді не ойландырды? ҰОС туралы,батырлардың ерлігі тралы қандай сезімдер,толғаныстар пайда болды?
Балалардың пікірлерін тыңдау
Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымызды мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді
Жеңістің туы жалтылдап,
Жығылмай мәңгі тұрады.
Сол тумен өскен аршындап,
Ерлердің бізбіз ұланы!
Жеңіс» деген – жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы,
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Құрметті оқушылар, қонақтар бүгінгі «Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар» тақырыбындағы тәрбие сағатымыз аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |