Шаңқобыз – ежелден келе жатқан қазақтың музыкалық аспабы. Аспап бітімі бөлек болғанымен, оның құрылымы өте қарапайым.
Бұл аспаптың темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі болады. Аспапта ойнау тәсілі де өзгеше. Шаңқобызды ерінге қойып, тіске тіреп ойнайды. Аспап дыбысы тілшені саусақпен шалып тартқан кезде серіппенің тербелісі арқылы шығады. Ауыз қуысы аспап резонатрдың қызметін атқарады. Шаңқобыздың негізгі дыбысы тілдің мөлшеріне байланысты. Аспап тартушы тілінің қимылы арқылы түрлі дыбыстар шығара алады. Әуенді әрлеп мақсатында шаңқобыз орындаушылары саусақтарына қоңырау іліп ойнайды.
Шаңқобыздың сирек кездесетін түрі - ағаш шаңқобыз. Үйеңкі, қайың, жеміс ағаштарынан жасалады. Ортадан кесілген ағаш ұштары екі жағынан тесіліп, жіп-бау тағылады. Аспап орындаушысы жіп-бауды тарта отырып, босату, тербету арқылы тілшені қозғалтады. Ағаш шаңқобызда жеңіл әндер мен шағын күйлер орындалады.
Ертеде шаңқобыз кішкентай балалар мен әйелдер аспабы болған. Шаңқобызға арналған «Қыз ұзату», «Қыз зары», «Қыз мұңы», «Шаңқобыз толғауы» сияқты шағын күйлер шығарылған.
Шаңқобыз халық аспаптар оркестрінде, ансамбльдерінде, жеке орындауда қолданылады.
Аспап көптеген халықтарда әр түрлі атпен кездеседі. Варган, темір қомыз, комуз, аура, комус, ванияр, кубыз, тумра, коусян т.б. атаумен шаңқобызға ұқсас аспаптар түрікмен, қырғыз, өзбек, қалмақ, тува, якут, хакас, татар, қарақалпақ, дүнген, башқұрт, украин, орыс, моңғол т.б. халықтары арасында кең тараған.
Ұлттық тағамдардың пайдасы
Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды жоғары қойған. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» деген секілді ескертпе сөздер, мақал- мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыруды, жақсылар мен жайсандарды құрметтеуді, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын, ел дәулетін қазақ кең дастарқаны арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен.
Мал шаруашылығымен айналысқан ата -бабамыздың негізгі асы- ет пен сүт болған. Етті қуырып, асып жеген. Ал сүттен көптеген астар дайындаған. Сиыр, қой сүттерінен құрт, кілегей, қаймақ, ірімшік, сары май тағы да басқа тағамдар әзірлеген. Осы астардың барлығын даярлауды қазақ әйелдерге жүктеген. Қазақ әйелдері тағамдарды жазда да, қыста да бұзбай сақтаудың әдіс-тәсілдерін білген. Олар сүттен жасалатын қаймақ, ірімшік, сары май, шұбат, қымыз, құрт секілді тағамдарды шебер дайындаған. Басқа тағамдарға қарағанда, сүттің алатын орны ерекше.Себебі, сүт және сүттен жасалатын тағамдар денсаулыққа өте пайдалы. Ол ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті де бар екен. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылады. Ал, жылқының сүтінен әзірленетін қымыздың емдік қасиеті ертеден белгілі. Ондажүректің жұмыс істеуін жақсартатын дәрумендер бар. Сонымен бірге, шұбат та денсаулыққа өте пайдалы екен. Осы астардың пайдасын медицина пайда болмай тұрып- ақ білген ата-бабамыз нағыз данышпан болған десек, артық айтқандық емес. Бұрын қымыз, шұбатын ішіп, құрт-ірімшігін жеп-ақ халқымыз дерттің алдын алған. Ата-бабамыздың алып тұлғалы, батыр да дана болуының бір сыры осы болуы да әбден мүмкін.
Сүттен жасалатын қазақта құрт, қатық ,қымыз шұбат, сүт көже, сүзбе, көбік, ежігей тағы да басқа тағамдар баршылық. Және ол тағамдардың басым бөлігінің қалай әзірленетіні халыққа белгілі. Алайда таныс емес қазақ тағамдар да қаншама. Мысалы, өзім жақында ғана ежігей деген тағамды білдім. Осы тағамның қалай және неден әзірленетіні маған осы уақытқа дейін беймәлім еді. Ұлттық тағамдар туралы жазылған үш кітапты оқығанмын. Бірақ, ол кітаптарда ежігей туралы кезіктірмеппін. Кітаптарда жазылмаған ас түрін мен ғаламтордан бірден таптым. Ежігей - қой сүтінен дайындалған тағам. Ол қайнатылған қатық пен сары ірімшіктің қоспасынан әзірленетін дәмі тәтті, өзі жұмсақ болатын ас екен. Бұдан да басқа біз білмейтін ұлттық тағам түрлері көп деп ойлаймын. Негізінен бізде ұлттық тағамдардың ұмыт болып бара жатқаны шындық. Ал, бұған себеп, түрлі тағамдардың, соның ішінде, басқа елден келген астардың көбеюі. Бірақ, бұл тағамдардың пайдасынан зияны басым екенін зерттеушілердің өзі дәлелдеп отыр. Мәселен, барлық дүкендерде сатылатын американдықтардың жылдам әзірленетін гамбургер, чизбургер, хот- дог секілді тағамдары денсаулыққа зиян. Және де адамның тез толысуына себепші болады. Міне, осы секілді басқа елден келген астардың көпшілігінің пайдасынан зияны басым болса да, барлық дүкендерде осы тағамдар сатылады, ал өзіміздің ұлттық тағамдарымызды еш дүкеннен таба алмайсың. Тек құртты ғана санаулы дүкендерден табуға болады. Бұлай кете берсе, ұлттық тағамдарымыз жойылып кете ме деп қауіптенемін.
Достарыңызбен бөлісу: |