Тәрбие сағаты Киіз үйді жіліктей білесің бе?



бет14/26
Дата15.09.2017
өлшемі4,46 Mb.
#32746
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26

Қазақ ұлттық киімдері


Қазақ ұлттық киімдері

Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихыменбірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы — киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады (қалындыққа сәукеле кигізу) , сондай-ақ көпшілігі театрлардың арнаулы заказы бойынша тігіліп жүр. Алматыдағы «Қазақстан» магазинінде, облыс орталықтарында ұлттық киімдер (шапан, мәсі , бөрік, қамзол т. б.) сатылады. Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киімүлілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасы. Қазақы киімнің барша сымбаты мен оюөрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз.


Айыр қалпақ


Ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі . Айыр қалпақ жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі . Ол негізгі екі бөліктен құралады. Олар — қалпақтық төбесі және етегі (кейде қайырмалы деп те айтады) . Қалпақтың төбесі төрт сайдан (бөліктен) тұрады. Шебер пішілген төрт қиынды киізді арасына қара барқыттан сыздық салып, қайып тігеді . Сонда қалпақтың төбесі күмбез тәріздес болып шығады. Қалпақтың етегі жалпақтығы төрт елідей етіп, дөңгелектеп қиып алынған ақ киізден жасалады да, оны жоғарғы бөліктің (төбе) етегіне сыздық салып қондырады. Сәнді болу үшін, қалпақтың қайырмасының астыңғы жағы кейде қара барқытпен көмкеріледі . Қалпақтың төбесіне қара не басқа түсті шашақ тағын, төбесінің төрт сайы әр түрлі жібек жіптермен кестеленеді . Ақ киізден тігілген айырқалпақ әрі жеңіл, әрі салқын, әрі сәнді болып келеді . Соңғы кезде жергілікті өнеркәсіп орындары айыр-қалпақты әр түсті киізден жасап шығарып жүр[1]

Жарғақ шалбар


Иленіп, әбден өнделген жұқа теріні қазақтар «жарғақ» дейді. Қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынған жарғақ теріден тігілген шалбарды «жарғақ шалбар» деп атаған. Бұл сәнді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал-серілер салтанатқа киген.

Тымақ


Қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағаласы – түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты мақпалмен, пүлішпен немесе басқа асыл маталармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі төрт немесе алты сай (бөлек) үшкіл (үш бұрышты) киізден құралып, шошақ болып келеді.

Саптама етік


Қонышы тізені жауып тұратындай ұзын, табаны қалың сіріден оң-солы жоқ, түзу болып тігілетін аяқ киім. Оны киіз байпақпен киеді. Қысқы күнгі аязда ат үстінде жүргенге жылы, әрі қолайлы.

Байпақ


Жылылық үшін етіктің, мәсінің ішінен киетін киізден тігетін аяқ киім. Қыста киетіп байпақтық киізі қалың, ал жазда киетін байпақтың киізі жұқа болады. Байпақ тігудің екі тәсілі бар. Оның бірі .табанын бөлек салып ұлт арып тігу; екіншісі, тұтастай қусырып тігу. Байпақтық тігісі аяққа батпау үшін оны сыртынан тігеді . Тігуге түйенемесе қой жүнінен иірілген шуда жіптіп айдаланады. Жүннен тоқылатын байпақтардың қонышы қысқа болады. Ерте кезде оны шұлғау орнына киіз байпақтың ішінен кию үшін де пайдаланған. Қазіргі кезде бәтеңкенің, қысқа қонышты етіктің, мәсінің ішінен киеді. Байпақ түйе жүнінен, қой жүнінен, ешкінің түбітінен тоқылады. Мұндай байпақтар әрі жылы, әрі жеңіл әрі жұмсақ болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет