Тәрбие сағаты Киіз үйді жіліктей білесің бе?



бет2/26
Дата15.09.2017
өлшемі4,46 Mb.
#32746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Шаңқобыз – ежелден келе жатқан қазақтың музыкалық аспабы. Аспап бітімі бөлек болғанымен, оның құрылымы өте қарапайым.

Бұл аспаптың темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі болады. Аспапта ойнау тәсілі де өзгеше. Шаңқобызды ерінге қойып, тіске тіреп ойнайды. Аспап дыбысы тілшені саусақпен шалып тартқан кезде серіппенің тербелісі арқылы шығады. Ауыз қуысы аспап резонатрдың қызметін атқарады. Шаңқобыздың негізгі дыбысы тілдің мөлшеріне байланысты. Аспап тартушы тілінің қимылы арқылы түрлі дыбыстар шығара алады. Әуенді әрлеп мақсатында шаңқобыз орындаушылары саусақтарына қоңырау іліп ойнайды.



Шаңқобыздың сирек кездесетін түрі - ағаш шаңқобыз. Үйеңкі, қайың, жеміс ағаштарынан жасалады. Ортадан кесілген ағаш ұштары екі жағынан тесіліп, жіп-бау тағылады. Аспап орындаушысы жіп-бауды тарта отырып, босату, тербету арқылы тілшені қозғалтады. Ағаш шаңқобызда жеңіл әндер мен шағын күйлер орындалады.



Ертеде шаңқобыз кішкентай балалар мен әйелдер аспабы болған. Шаңқобызға арналған «Қыз ұзату», «Қыз зары», «Қыз мұңы», «Шаңқобыз толғауы» сияқты шағын күйлер шығарылған. 

Шаңқобыз халық аспаптар оркестрінде, ансамбльдерінде, жеке орындауда қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет