Шапан
Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық киімі . Оны қалың адам арасына жүн, мақта салып, астарлан немесе қос астарлан сырып тігеді. Ол негізінен тік жағалы, ішінара қайырма жағалы да болады. Шапан: сырмалы шалан, қаптал шапан, қималы шапан деп бөлінеді.
Қызкеліншектерге арналған қималы шапанды түрлі-түсті масатыдай тігіп, жаға-жеңіне, етегі мен екі өңіріне зер ұстайды. Түйме орнына асыл тастар орнатылған күміс қапсырма (ілгек) тағады. Қазіргі кезде түрлі-түсті масатыдай екі өңірі мен жеңі кестеленген немесе зер ұсталған жадағай (арасына жүн, мақта салмай) шан айдар тігіліп сатылады. Қазақ халқының арасында сыйлы адамдарға сыйлық ретінде шапан кигізу дәстүрі кең тараған.
Қамзол
18- 19 ғасырларда қазақ халқы арасында кең тараған ұлттық киім. Қамзол туралы мәліметтер 19 ғасырдың ортасынан бастап кездеседі. Қамзол тек қазақта ғана емес, басқа да түркі елдерінің киім үлгілерінде кездеседі. Әйелдер киімінде қамзолдың орны ерекше, ол әрі жылулық, әрі сәндік міндеттерін атқарады. Қамзолдар астарлы, жеңсіз жеңіл жаздық киім. Етектері мен жағалары тас, оқа, күміс тиындарымен (сөлкебай)әшекейленген, бұйымдар қадап, әртүрлі әткеншектер ілінген.
Құлақшын
Ерлердің баскиімі. ("Бұлғын, құндыз, жанат, түлкі, қарсақ, суыр т.б.") аң терілері мен бұзау, қозы- лақтың бұйра терісі (елтірі) сияқты үй жануарларының терілерінен тігіледі. Төбе жағы екі түрлі тәсілмен пішіледі. Бірнеше сайдан тұратын үшкіл, етек жағы тік төртбұрышты болып келген немесе етек жағы қусырылып тігіліп, оған дөңгелек төбе қондырылған түрі. Теріге өлшеп пішіліп астарының арасына жүн, мақта салып, сырып тігіледі. Сыртын терімен тыстап, қалыпқа кигізіп, керіп қояды.
Киіз етік
Қыстыгүні киетін қысқыаяқкиім. Оны киізді қалыпқа салып басып шығару әдісімен жасалады. Етіктің басы мен қонышын бөлек, екі бет етіп пішіп алып, тігістіктеріне былғарыдан немесе жақсы иленген қайыстан сыздық салып отырып қайып, қусырып тігеді. Етіктің басын былғарымен қаймалайды, қонышын жұқа былғарымен оюлап көмкереді. Өкшелігіне сірі салып бүрмелеп , сыртын, басының үстіне өрнектеп қайып тігеді. Киіз етіктің де басын былғарымен жұлықтайды. Басына қалып салып отырып, табандығын бүрмелеп, былғары ұлтарақша салып, ұлтан, өкше қағады. Киіз етік аяз тартпайды, өзі әрі жұмсақ, әрі жеңіл, әрі сәнді.
Ішік
Ішік – сырты матамен тысталып, түрлі аңның терісінен жүнін ішіне қаратып тігілетін қысқы сырт киім. Қолданылатын терісине қарай олар: түлкі ішік, қасқыр ішік, сеңсең ішік, нышпақ ішік деп әртүрлі аталады.
Қазақ халқының ұлттық ет тағамдары
Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды жоғары қойған. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» деген секілді ескертпе сөздер, мақал- мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыруды, жақсылар мен жайсандарды құрметтеуді, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын, ел дәулетін қазақ кең дастарқаны арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен.
Қазақша ет
Достарыңызбен бөлісу: |