Тәрбие сағаты.
Тақырыбы: «Алғыс айту парызым!».
Мақсаты: «Алғыс айту», «сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. «Ғажайып алаң» ойынын ойнату.
Міндеттері: - үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру; - сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту, - үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: Секторлық тақтайша, мақал- мәтелдер
Әңгімелесу
Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
–Ризашылық-адмның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі
–Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Балалар, жаңа бір - бірлеріңмен амандасқандарыңдай, бас иіп сәлемдесу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай - ақ та жымиып бас ию - адамға деген құрметті, сыйластықты білдіреді. Сенің айналаңдағы адамдарға деген құрметің жымиып тұрып жылы жүзбен амандасудан басталады. Сый, құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі. Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдептілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін. Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз да осы сыйластық, алғыс айтуға байланысты «Сыйласаң- сыйлы боласың» деп аталады.
Ал ,балалар осы сыйластыққа арналған тақпақтарымызды айтып шығайық.
1.Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса.
Сыйлы болмақ, өзі де,
Үлкен болған кезінде.
2.Әдептілік дегенің,
Әрқашанда керегің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре сарсаң әлегің.
3.Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті деп білемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.
4.Сыйла үлкен кісіні,
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақта көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдепті қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
Адамдар бір - бірін сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым - қатынас жасауға қол жеткізеді. Өзара сыйластық достыққа әкеледі. Өмірде адамдар бір - бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкеледі.
- Бүгін балалар сыйластыққа байланысты тәрбие сағатымызда біз «Ғажайып алаң» атты ойын ойнаймыз. Оған 3 ойыншыдан 3 кезеңге қатысады. Мен бүгінгі тақырып бойынша тапсыраманы тақтаға іліп қоямын, ал қатысушылар алдында тұрған секторлы тақтайшаны айналдыру арқылы өздеріне ұпай жинайды және жауаптарын айтады. Бірінші кезеңге қатысушы балаларды ортаға шақырайық.
І- кезең сұрағы.
Сыйлап үлкен ағаны,
Сәлем берген баланы
Кім дейміз? Жасырылған сөз (әдепті)
Әдепті екен бұл дейміз!
Көрермендермен ойын: «Жалғастыр» «Не істеуге болмайды?» Тәрбиеші басқы сөзін айтады,балалар ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Мектепке............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
Достарыңызбен бөлісу: |