Тәрбие сағаты Тақырыбы: Бақша ағаштары



Дата23.09.2022
өлшемі18,93 Kb.
#150537
Байланысты:
бақша ағаштары


Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Бақша ағаштары.
Мақсаты:Оқушыларға «Толық адам» туралы, адамгершілік құндылықтары туралы білім қалыптастыру.
Міндеті:Оқушыларды адами құндылықтар туралы айтылған ғұламалардың пікірлерімен таныстыру.
Оқушыларды өлеңдер, нақыл сөздер, әңгімелер тыңдату арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқушылардың ойлауын, дүниетанымын, жағдаяттарды шешу барысында тапқырлығы мен ептілігін дамыту.
Көрнекілігі: слайдтар, нақыл сөздер, бәйтерек ағашы, әңгімелер мен өлеңдер тыңдау үшін магнитафон.
Барысы: Психологиялық дайындық.
Танысу тренингі.Оқушылар өз есімінің алғашқы әрпіне байланысты жақсы қасиет қосып айтады. Әсел-әдепті т.с.с.
-Өздерің туралы жақсы сөздерді айтқанда қандай көңіл-күйде болдыңдар?
(Оқушылар өздерінің жақсы көңіл-күйде болғанын, қуанғанын жеткізеді.)
-Онда бүгінгі сабағымызда бойымыздағы бар жақсы қасиеттерді шыңдай түсіп,жаман қасиеттеріміз болса, арылуға көмектеседі деп ойлаймын.Бүгінгі сабақта 2 топ болып жұмыс жасаймыз.Алдымен мен сіздерге сұрақ қойғым кеп тұр.Осы сендер мектепке не үшін келесіңдер?
(Оқушылар білімді және тәрбиелі болу үшін деген сияқты өз ойларын айтады.)
-Олай болса білім мен тәрбие сөздерінің мағынасын ашып көрейік!
(сөзжұмбақтар шешіледі)
-Яғни, тәрбие мен білім керек пе екен?Әлде тәрбие мен білімсіз өз бетімізбен жүрген қызық па?
-Ендеше бүгінгі сабағымызда егіз ұғым аталатын «Білім», «Тәрбие» тобы болып жұмыс жасайтын боламыз.Сабақта берілген таарсырмаларды мұқият орындап, адами құндылықтарды бойына жинаған мәуелі жеміс ағашын жасап шығаруға тырысып көрелік!

2.Негізгі бөлім.


Бақша ағаштары. 1 мин.17 сек. тұратын әңгімені тыңдау.
1 тапсырма.
«Білім» тобына.Түзу ағаш қандай еді, талдаңыз.
«Тәрбие» тобына. Қисық ағаш қандай еді?
-Ол үшін яғни, Адам болу үшін қандай қасиеттер керек?
Ғылым таппай мақтанба. 1мин.12 сек. тыңдау.
2 тапсырма.
1.5 асыл іске тоқталып, түсінік беру.
2.5 дұшпанға тоқталып түсінік беру.
3 тапсырма.Сұрақтарға жауап жазу. «Көңіл толқыны» күйі қосылып, жазуға 5 мин. беріледі.
Мен кіммін?
Менің мінезім қандай?
Менің мінезімнің жағымды жақтары.
Менің мінезімнің жаман жақтары.
Мен қандай болуым керек?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Тақтаға Абайдың «Толық адам» сипаты сөзжұмбағы ілініп, түсіндіріледі.
-Осы өзіміз туралы айтылған жақсы сөздеріміз бен ісіміз сай ма?Оны ситуациялық жағдаяттар барысында тексеріп көрелік!
4 тапсырма.
1 топ. «Автобустағы оқиға» (реквиз.наушник, магнитафон т.с.с.)
2 топ. «Көшедегі оқиға» (реквиз.шемішке, гитара, сағыз т.с.с.)
-Отбасы мен қоғам да, мектепте берілетін тәрбие де балаға зор ықпал етеді.Ал жан-жағымыздағы жақын адамдарымызды қуанышқа бөлеу қолымыздан келе ме?
5 тапсырма.
1.Анасын туған күнімен құттықтау.
2.Мұғалімді мерекесімен құттықтау.
Бекіту.
(Оқушылыр бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерін ағашқа іледі.)
Ы.Алтынсарин. Асыл шөп. 1 мин. тыңдау.
Қорытындылау.Шәкәрім Құдайбердиев.
Сабыр деген әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға ол бір қылық.
Қол жетпей талай жан ызданады,
Осыдан кеп шығады адамшылық!
«Бала тілегі» әні 3 мин. орындау.
Сабақ аяқталды.

Ата-аналар жиналысы


Мақсаты: Баланың дамуына теріс ықпал ететін әрекеттердің, үлгермеушіліктің алдын алу,бала тәрбиелеу сапасының жоғарылауына ықпал ету.
Көрнекіліктер:Бала тәрбиесі жөнінде айтылған нақыл сөздер, билет сұрақтары.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар!Жиналыс балаңыздың бағасын айтумен шектеліп, сіздерді жалықтырмас үшін бүгін сіздермен іскерлік ойындар ойнау барысында бала тәрбиесіне қатысты өз ойларымызды ортаға сала отырайық!
Барлығымыз мектепте отырғандыұтан іскерлік ойындар да білім ордасына немесе оның өмірімен байланысты болмақ.Ол үшін сарапшылар міндетін атқаратын 4 ата-ана керек.
Ойынға қатысатын 7 ата-ананы ортаға шақырғым келеді.
Ортаға шыққан 7 ата-ана 3 түрлі сынақтан өтеді.
1-сынақ. Ситуациялық сұрақтарға жауап беру.
2-сынақ. Аяқталмаған мақал-мәтелдерді жалғастыру.
3-сынақ.Балаларына берілген есімдерді қорғайды.
Сарапшылар ойынға қатысушыларды ұпай арқылы бағалап отырады.
Бала-болашағымыз, бала жеңісі барлығымыздың қуанышымыз.Баланың болашағы жарқын болуы үшін ата-анамен мұғалімнің бірлескен жұмысы қажет..Балаға дұрыс шешім қабылдауға бағыт-бағдар беру ата-ана үшін маңызды болмақ.
1-сынақ.Үстел үстіндегі билеттерді алып, ситуациялық сұрақтарға жауап беру.
Мысалы: Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
Балаңыз мектептегі мұғаліммен тіл табыса алмай жүр, не істейсіз? Т.с.с.
Халқымыздың даналық ойлары бала тәрбиесіне зор ықпал етері сөзсіз.Баланы мектеп оқулығынан немесе басқа шығармадан болсын өз өміріне қажетті ойды түйе білуге баулудың маңызы зор.
2-сынақ.Аяқталмаған мақал-мәтелдерді жалғастыру.
Мысалы:Ұлың өссе, ұлы... (жақсымен ауылдас бол).
Қызың өссе, қызы ...(жақсымен ауылдас бол).
Бала жас шыбық сияқты,(қалай исең солай иіледі).
Адамға ат қойылудың да өзіндік бір тарихы болады.Адам есімдерін зерттейтін ғылым саласы да бар.Ол онамастика деп аталады.Онамастика атаулар туралы ғылым.Қазақ балаға атты әр түрлі ырымға сүйеніп қойған.
3-сынақ. Балаға қойылған есімдерін қорғау.Есімі қалай қойылғандығына сипаттама беріп, шағын тарихын айтып беру.
Сарапшылар қорытындылайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет