Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Ұрлық – түбі қорлық»



бет2/4
Дата20.12.2021
өлшемі101,62 Kb.
#104225
1   2   3   4
Байланысты:
1549429535, 1549429535, Акад.жазу панинен емтихан сурактары, 292978, 2. Басшыны тағайындау бұйрығы, 1-тоқсан-2023-2024-6-сынып ҚМЖ-Д
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, сабақтың тақырыбын тақтадағы суреттер арқылы анықтау.


-тКөңіл күйлерін қалай? Сендер қалай ойлайсындар, адамның көңілді болуы неге байланысты? (Ауа райына, денсаулығына, көңіл күйіне, қоғамға байланысты.)

II. Негізгі бөлім

«Ассоциация» әдісі 

Сізде «ұрлық» сөзін естігенде қандай түсінік пен сезім пайда болады? (Тақтаға жазғызу)

«Миға шабуыл» әдісі

- Ұрлық дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?

- Ұрлық істеген адамдар қалай жазаланады?

Машықкер сөзі: ҚР Қылмыстық Кодексінде «Ұрлық деп өз пайдасына асыру мақсатында бөтеннің мүлкін қайтарымсыз жасырын иемденіп алуды» таныған.

- Бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау (ұрлық);

- бөтеннің мүлкін ашықтан ашық ұрлау (тонау); 

- шабуылға ұшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш жұмсаумен ұштастырып, немесе сондай күш жұмсамақ болып қорқытып бөтеннің мүлкін иемдену мақсатымен шабуыл жасау (шабуыл жасап тонау);

- алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен бөтеннің мүлкін иемдену немесе бөтеннің мүлкіне құқықты сатып алу (алаяқтық); 
Ұрлық, ұрла және ұрлау деген сөздердің түбірі «ұр» деген бір сөз. Осы түбір сөзге –лық, -ла және -лау жұрнақтарын қосып ұрлық сөзін – зат есімді, ұрла сөзін - етістікті және ұрлау сөзін шығарып отырмыз.

Ұрлық туралы Қылмыстық Кодекстің «Меншiкке қарсы қылмыстар» деп аталатын 6-тарауында жазылған. Оның 175-бабы «Ұрлық» деп аталды.

Ұрлық, яғни бөтен мүлiктi жасырын ұрлау - екi жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiн бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

176-бап. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету

Иеленiп алу немесе ысырап ету, яғни кiнәлi адамға сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi ұрлау - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



177-бап. Алаяқтық.

Алаяқтық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау немесе бөтен мүлiкке құқықты алдау немесе сенiмге қиянат жасау арқылы алу - екi жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



178-бап. Тонау

Тонау, яғни бөтен мүлiктi ашық ұрлау - үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



179-бап. Қарақшылық

Қарақшылық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш көрсетумен немесе тiкелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



180-бап. Ерекше құнды заттарды ұрлау

Ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени жағынан құнды заттар мен құжаттарды ұрлау, ұрлықтың жасалу тәсiлiне қарамастан - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет