Мұғалім:Қара сөздерін саралай отырып Абайды кім деп айта аламыз?
Абай – ойшыл.
1-оқушы:- Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған.
2- оқушыӨзі де бірнеше ән шығарған. «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем,Қаламқас», «Сегіз аяқ»
Яғни ,Абай –сазгер.
3-оқушы:- Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй демекші,
Енді Абайдың атамыздың "Көзімнің қарасы" әнін орындауға шақырамын.
Түйіндеу. Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсам:
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...
Қасиетті қара сөздерінен ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық.
Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар беруші, ақыл қосушы.
«Әлемнің Абайы» өлеңі
1-жүргізуші: Абай біздің –Кемеңгер,
Теңдесі жоқ асқар биік шыңымыз,
2-жүргізуші: Ақ ниетті, әділетшіл шыңымыз,
Асыл қазына, ашылмаған сырымыз.
1-жүргізуші: Таусылмайтын мәңгі бақи жырымыз!
2-жүргізуші:Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы
1-жүргізуші:.Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы,
2-жүргізуші:.Нақылменен сана құйған,
Қазағымның Абайы,
1-жүргізуші: Ақылменен дана болған
Бірге: Бүкіл елдің Абайы
Бүгінгі сабағымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.
Сондықтан, балалар, Абайдың өзі "болмасаң да ұқсап бақ" деген тілекпен,
біз Абай атаны жадымызда ұстайық
Достарыңызбен бөлісу: |