Тәрбие сағатының тақырыбы: Табиғатым тал бесігім



Дата15.09.2017
өлшемі62,58 Kb.
#33264
Тәрбие сағатының тақырыбы: Табиғатым - тал бесігім.
Мақсаты:
1) Балаларға адам мен табиғаттың егіз екенін ұғындыру. Табиғат қазына байлық екенін түсіндіру. Жерді, құрметтеуді, табиғатты қорғауды үйрету.
2) Қоршаған ортаны қорғау, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру
3) Туған жердің табиғатын аялауға тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер
Барысы:

Кіріспе сөз
Мұғалім: Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Табиғатым - тал бесігім». Адам мен табиғат егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата - бабаңның « Жер - қазына, су - алтын, мол байлық» деп өсиет айтып келгені тегіннен тегін емес. Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз – осылардың бәрі жомарт табиғаттың берген сыйы.
Ал қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған кезек күттірмейтін киелі де күрделі міндеттеріміздің бірі ыстық ұя, алтын бесік, жұмыр жердің табиғатын қорғау және оның сан алуан байлығын барынша ұқыпты пайдалану болып отыр. Соңғы жылдары ғылым мен техниканың өркендеуі қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуде. Жер шарында жыл сайын шамамен 10 - 15 миллион гектар орман жойылады екен.
«Тәрбие тал бесіктен басталады» дегендей болашақ ұрпақты экологиялық сауатты етіп тәрбиелеуді отбасы, ошақ қасынан бастағанымыз дұрыс. Табиғаттың жасыл желегімен аң құсын аялау, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір жанның азаматтық борышы.

1 - оқушы: Аякөз
Табиғат - сұлу мекенім,
Өзіңді пана етемін.
Саяңда өсіп ер жетімін
Биікке самғап жетемін.

2 - оқушы: Айда
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ғой сәніміз,
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

3 - оқушы: Маржан
Табиғаттың орны бөлек ғаламда
Тигізетін пайдасы зор адамға
Ей адамзат, оны күтіп қорғаңдар
Жойылмасын жасыл желек ормандар!
4 – оқушы Айару

Болсын тек ауа таза, тұнық су
Басылмасын айдын көлде құстың шуы
Төңіректе кесілмесін тал терек
Араша түс табиғатта бәрі керек!


Тартылмасын теңіз көлдер су алып,
Жарылып жер, өсімдіктер қуарып.
Қолда барда қадір тұтып сақтайық
Жаратқанның бергеніне қуанып.

Хор: «Біз өмірдің гүліміз» әні
Мұғалім: Табиғат аясы - адамның алтын бесігі. Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігін, күнделікті қолданатын тұтыну заттарындағы ою өрнектерден де көруге болады. Мысалы: Түс киіздердегі ою - өрнектерде даланың хош иісті гүлдері, өзен - көлдері, тау жоталары бейнеленсе, сырмақтарда қошқар мүйіз, құс тұмсықтары мен қанаттары салынған.

4 - оқушы: Айдос
Қайырлы түн!
Жер анам,
Көк аспанды жамыл да,
Таңға дейін дін аман
Тәтті ұйқыға дамылда!
Орманың да шуламасын
Суларың да туламасын
Ақ басты ала тауларың да
Күңіренбесін, жыламасын!
5 - оқушы: Қайнар
Шамыңды өшір, түсіре ғой пердеңді,
Қайырлы түн, Алып жер!
Дүбірлетіп ұлы сенің кеудеңді
Таптамасын танкілер.
Қайырлы түн,
Көк аспан, алып жерді төсен де,
Таңға дейін тәтті ұйқыда толаста,
Ұшырама кеселге.
6 - оқушы: Дәурен
Мен сүйем ерікті еркін құсын
Сайратамын төрт бөліп түн ұйқысын.
Мен сүймес дүниеде еш нәрсе жоқ,
Сүйемін табиғаттың барлық күшін.
7 - оқушы: Арсен
Күн - барлық тіршіліктің құдіретті тірегі.
Жер тіршілікке нәр беріп анамыздай асырап жатыр.
Су - тіршіліктің көзі.
Ауа - өмір тынысы.
8 - оқушы: Сая
Табиғат - әсемдіктің төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан – жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысың
Би: Қазақша би «Домбыра»

9 - оқушы: Нәрлен
Адамға табиғатсыз өмір бар ма
Не қиын кезеңдерге төзді ол да.
Дария орта түсіп, теңіз қашып,
Табиғат бұлқынады қылбұрауда

10 - оқушы: Адылжан
Табиғат адамдарға нәр береді
Сәнді тал саз кешеді, сәнденеді
Өртенген жетім тоғай жәутең қағып
Мұңайып сездіреді әлденені

11 - оқушы:
Мезгілсіз зымыранды ұшырады
Асау жел ерік бермей құтырады
Күтіп, баптап, аялап ескермесе
Байлығынан адамдар ұтылады

12 - оқушы: Ясмина
Уа, табиғат шеберсің - ау, шеберсің
Көрмегенді көрсетерсің берерсің.
Ұлан - ғасыр байлығыңды місе етпей
Ашкөзденген адамдарға не дерсің?
Мұғалім: Балалар енді кезекті көрініске берейік
«Табиғатты аялайық» атты сахналық көрініс:
Автор: Талдың төбесіне өрмелеп шығып, бұтағын майыстырып жатқан бүлдіршінге жерде тұрған бала тал болып үн қатады.
Тал:
Сындырма мені,
Мен - жақсылық кені!
Мен – денсаулық емі!
Мен – еркелетем сені!
Күтсеңдер, гүл ашам,
Жолыңа жұпар шашам.
Саямда сағаларсың,
Салқындап демаларсың.
Автор: Тал үстіндегі бала өз ісінің әбестігі үшін ұялып, балалардан кешірім сұрайды.
Бүлдіршін: Шалқар
Балалар мені кешіріңдерші,
Мен енді мұндай іс жасамаймын.
Мені де өз қатарларыңа қосыңдар!
Тал: Балалар, сендер мен туралы көп білетін боларсыңдар, мен жайында кім тақпақ айта алады?
Автор: Балалар білетін тақпақтарын жатқа айтады.



Табиғат - сұлу мекенім,

Өзіңді пана етемін.

Саяңда өсіп ер жетімін

Биікке самғап жетемін.

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ғой сәніміз,

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

Табиғаттың орны бөлек ғаламда

Тигізетін пайдасы зор адамға

Ей адамзат, оны күтіп қорғаңдар

Жойылмасын жасыл желек ормандар!

Болсын тек ауа таза, тұнық су

Басылмасын айдын көлде құстың шуы

Төңіректе кесілмесін тал терек

Араша түс табиғатта бәрі керек!

Тартылмасын теңіз көлдер су алып,

Жарылып жер, өсімдіктер қуарып.

Қолда барда қадір тұтып сақтайық

Жаратқанның бергеніне қуанып.

Сындырма мені,

Мен - жақсылық кені!

Мен – денсаулық емі!

Мен – еркелетем сені!

Күтсеңдер, гүл ашам,

Жолыңа жұпар шашам.

Саямда сағаларсың,

Салқындап демаларсың.

Балалар мені кешіріңдерші,

Мен енді мұндай іс жасамаймын.

Мені де өз қатарларыңа қосыңдар!

1 Талдың төбесіне өрмелеп шығып, бұтағын майыстырып жатқан бүлдіршінге жерде тұрған бала тал болып үн қатады.

2 Тал үстіндегі бала өз ісінің әбестігі үшін ұялып, балалардан кешірім сұрайды.

Табиғат адамдарға нәр береді

Сәмбі тал саз кешеді, сәнденеді

Өртенген жетім тоғай жәутең қағып

Мұңайып сездіреді әлденені

Мезгілсіз зымыранды ұшырады

Асау жел ерік бермей құтырады



Күтіп, баптап, аялап ескермесе

Байлығынан адамдар ұтылады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет