Білімберуұйымы: Павлодар қаласының № 44 сәбилер бақшасы МҚКК
Топ/сынып: Кіші А тобы
Балалардыңжасы: 2-3 жас
Мақсат: Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау, жағымды атмосфера құру.
Міндеттері: Балаларды жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу, жанашырлық қасиеттерін туғызу, күз туралы ұғымдар қалыптастыру, сөздік қорларын кеңейту.
Көрнекі-құралдар: Күзгі жапырақ
Әдіс-тәсілдер: Ұжымдастыру, әңгімелесу, сұрақ қою
Күнтәртібініңүлгісі
Дүйсенбі
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Балалардың дербес іс-әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа іс- әрекеттер)
Барысы: 1.Ұйымдастыру: Құрал –жабдықтарды даярлау, топтың тазалығына, ортаны құру, жағымды атмосфера құру.
Кіріспе Тосын сый: Балалар менің жаныма келіңдер, менің сендерге тосын сыйым бар. Балалар бүгін бізге қонаққа сиқырлы алтын жапырақ қонаққа келіпті.
Әңгімелесу: Балалар қалай ойлайсыңдар біздің жапырақ қонағымыздың түсі неге сары ?
- Дұрыс айтасыңдар балалар.Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?
- Ия айтқандарыңмен келісемін.
Ендеше бәріміз осы тоңып қалған жапыраққа жылы жылы тілектерімізді айтып бірге жылытайық.
-Кәнекей балалар бәріміз бірге құшақтасып жылуымызды барлық жапырақтарға таратайық.
Тақпақ: Балалар бәріміз бірге жапырақ қонағымызға арнап тақпақ айтып берейік
Сап-сары ала жапырақ,
Сап-сары ала атырап.
Сәл тербесе самал жел,
Түсіп жатыр жапырақ.
Қорытынды: -Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
- Жапырағымыз неге сары түске боялған екен?
- Біз тоңып қалған жапырақ қонағымызды не арқылы жылыттық ?
- Дұрыс айтасыңдар балалар біздің жапырақ қонағымыз сендердің көмектеріңе рахмет айтуда.
Сұраққа жауап беру
Себебі қазір күз мезгілі
Суық, желді, жаңбырлы, бұлтты
Балалар өз тілектерін айтады
Бұлжытпай орындау
Тақпақты қайталап бірге айту
Қортындылау, қорытынды сұрақтарына жауап беру.
Сиқырлы алтын жапырақ
Себебеі қазір күз мезгілі
Жылы сөздер айту арқылы
Күні:___________________
Баға _______________________
Тәрбиеші: __________________________________Қолы_________________