Тәрбиелеу білім беру процесінің циклограммасы 1-апта Білім



бет1/2
Дата29.10.2022
өлшемі21,52 Kb.
#155543
  1   2
Байланысты:
1 Циклограмма үлгісі-1


Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы 1-апта


Білім беру ұйымы: Павлодар қаласының № 44 сәбилер бақшасы МҚКК
Топ/сынып: Кіші А тобы
Балалардың жасы: 2-3 жас
Мақсат: Тазалыққа баулу, жуыну дағдыларын қалыптастыру
Міндеттері: Тазалықтың маңызы туралы түсіндіру; Судың және сабынның қасиетін түсіндіру
Көрнекі-құралдар: Жуыну үлгілері көрсетілген парақ, қуыршақ
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету



Күн тәртібінің үлгісі

Дүйсенбі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Түскі ас
(мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет көрсету,
еңбек қызметі)

Барысы:
1.Ұйымдастыру:
Құрал –жабдықтарды даярлау, балаларды мәдени гигиеналық дағдыларға ұйымдастыру.
Кіріспе
Балалар мына қуыршаққа қарайықшы өзі кір қожалақ жуынбай тамақ ішеді, достарымен ойнауға шығады екен.
Балалар қуыршақ бізден қалай дұрыс жуыну керек екенін үйрену үшін көмек сұрап келіпті, көмектесеміз бе?
Түсіндіру, көрсету:
Балалар бәріміз маған қараймыз! Осы үлгі бойынша қолымызды жақсылап жуамыз және қуыршаққа үйретеміз.
Негізгі
Жұмбақ
Ертемен күнде сен,
Қолыңды сүйкесең,
Кетіп кір-ласың,
Тап-таза боласың.
Бұл не?
Жауабы: Сабын
Әңгімелесу
-Балалар қалай ойлайсыңдар сабын бізге не үшін керек ?
Дұрыс айтасыңдар балалар!
-Біз қолымызды мұлдем жумасақ не болады?
Ия әрине. Сондықтан тамақ ішер алдында және тамақтан кейін мәдени-гигиеналық дағдыларды сақтауымыз керек.
Қорытынды:
Балалар қалай ойлайсыңдар біздің қуыршақ жуыну дағдыларын үйренді ме?
Біз оған көмектесе алдық па?
Қуыршақ сендерге рахмет айтып жатыр балалар жарайсыңдар.



Сұраққа жауап беру
-ия көмектесейік
Мұқият тыңдау
Ережені қайталау
Бұлжытпай орындау
Жұмбақты шешу
Сұрақтарға жауап беру
-Таза болып жуыну үшін
- Қолымыз кір болады, микроптар толып кетеді
Қортынды сұрақтарына жауап беру

  • Ия қуыршақ жуынуды үйренді

  • Біз оған жуынуды үйренуге көмектестік

Күні:___________________
Баға _______________________
Тәрбиеші: __________________________________Қолы_________________


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет