Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу "Жануарлар емшісі (мал дәрігері)"
Мақсат-міндеттер: балалардың жануарлардың қысқы тіршілігі туралы білімдерін кеңейту; жануарлардың қысқы дайындықтары туралы түсінік беру.
Сюжетті-рөлдік ойын "Жас экологтар". Мақсат-міндеттер: эколог жұмысы жайлы түсінік беру. Әлеуметтік шығармашылыққа жағдай туғызу және мадақтау, ойын сюжетіне сәйкес топшаларға бөліну біліктіліктерін, сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Балалардың эколог жұмысының адамгершілік бағыты оның табиғатты сақтауға ықпалы, әлеуметтік маңыздылығы жайлы ұғымдарын кеңейту.
Ойын барысы. Тәрбиеші ойын алдында балалармен бірге плакаттар, экологтың жұмысы жайлы кітапшаларды қарастырады, "Қызыл кітап" жайлы білімдерін бекіту, эколог-маманының қызметінің маңызы неде екені жайлы талқылаған жөн. Балалар рөлдерді өздері бөледі, нысанды таңдайды, жергілікті жердің жоспарларымен, картамен жұмысты ұйымдастырады; экологиялық паспорттарды зерттейді; экологиялық жағдайды зерттейді (судың, ауаның, топырақтың сынамасы); экологиялық жағдайды қалыпқа келтіру бойынша жұмыс жүргізеді; фотоға түсумен айналысу. Ойын соңында тәрбиеші балалармен бірге қорытынды жасауы мүмкін: адам табиғат алдындағы жауапкершілікті сезіну керек.
(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)
Артикуляциялық жаттығу. «Сағат» - тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.
«Саңырауқұлақ» - ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.
(сөйлеуді дамыту)
Балалардың көлемді пішіндер мен қарапайым композицияларды мүсіндеуге қызығушылығын арттыру.