Тәрбиелеу –білім беру процесінің циклограммасы Білім беру ұйымы №11 бөбекжайы Топ/сынып – Ересек «Қуыршақ» Балалар жасы 4 жастағы Жоспар қандай кезеңге жасалды (апта күндерін, айды, жылды көрсету)– 06. 02



бет11/14
Дата01.04.2023
өлшемі57,37 Kb.
#173488
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Ересек 06-10.02 циклограмма

"Кімнің қолынан не келеді?" диалогтар ойыны.
Шығармалардың қызықты үзінділерін қайталап айтуға баулу.
(Сөйлеуді дамыту)
.


Ұлттық ойын. Аударыспақ
«Аударыспақ» ─ өте көне дәуірден келе жатқан қазақ халқының ұлттық спорт ойыны. «Аударыспақ» – қазақ халқының арасында кеңінен таралған ойын. Балалар екі жақ басы берік тұғырға бекітілген биіктігі бір-бір жарым метрдей (балалардың жасына қарай), ұзындығы 70-80 сантиметрдей ағаш аттарға мінеді. Бір-біріне қапталдас орналасқан ағаш аттардың ара қашықтығы екі жақтан созылған қол жететіндей болса жеткілікті. Оларға мінген шабандоз балалар бір- біріне қарама-қарсы отырып қол ұстасады. Төрешінің белгісімен бірін-бірі тартып, не итеріп, әйтеуір қай айласын, не күшін асырғаны қарсыласын ағаш аттан аударып түсуі шарт. Аяқты жерге ағаш атқа тіреуге болмайды. Онда ойын шарты бұзылады. Ойын алаңының айналасына құм немесе жұмсақ кілем төселуі керек. Қай топ жеңсе сол топ жеңімпаз атанады.
(дене шынықтыру)

"Жұп болу".


Заттарды жұппен қою арқылы салыстыру.
Математика негіздері


Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу
"Мамандықтың бәрі жақсы".
Мақсат-міндеттер: балаларды мамандықтар маңызымен таныстыра отырып, оларды ажыратып, атай білуге үйрету.



Жапсырудан ойын-жаттығу
"Абзал жан - дәрігер".
Мақсат-міндеттер: қағазбен қайшымен жұмыс жасау іскерліктерін жетілдіру.


Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу
"Мен дәрігер боламын".
Мақсат-міндеттер: балаларды "Мен дәрігер боламын" өлеңімен таныстыра отырып, оларды көркем шығармашылыққа баулу Балалардың кітаптағы иллюстрацияларды өз бетінше қарастырып, ертегі, әңгіме құрастыруына мүмкіндік беру.
(Көркем әдебиет)


Қимылды ойын. Допты ұстап алу
Жүргізушіден басқа балалардың бәрі шеңбер құрап тұрады. Балалар допты бір-біріне береді. Жүргізуші шеңбердің сыртында жүреді. Ол допқа қолының ұшын тигізуге тырысады. Егер қолын тигізсе, сол кезде допты ұстап тұрған ойыншымен орын алмасады. Ал, ойыншы шеңбердің сыртына шығады. Ойын қайталанады.
Ойын ережесі: балалар допты бір-біріне берген кезде орнынан шығып кетпеуі тиіс. Жүргізушінің шеңбер ішіне кіруіне тыйым салынады. Допты қалаған бағытқа қарай беруге болады. Бірақ оны тек жанында тұрған балаға ғана береді. Ойын басталған кезде доп жүргізуші тұрған тұстан бастап беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет