Серуен
|
Алаңдағы ағаштарды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)
Қимылды ойын: «Ордағы қасқыр». (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттер: секіруге, затты лақтыруға жаттықтыру.
Еңбек: ағаштардың түбін қармен жабу. (еңбек дағдылары)
Мақсат-міндеттер: ағаштың түбін аяздан қардың қорғайтынын балаларға түсіндіру. Балаларды
табиғатқа қамқоршы болуына тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: шаңғымен жаттығулар жасау. Екі аяқпен кезек-кезек оңға, солға қозғау. (дене шынықтыру)
|
Қар жинайтын машинаның жұмысын бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
.
Көркем сөз.
Кәне, кімнің бойы ұзын,
Паровозы ол пойыздың.
Қатар-қатар тұратын
Пойызды біз құрайық.
Қимылды ойын. «Аңшы мен коян». (дене шынықтыру)
Еңбек: гүлзарға,ыдысқа түрлі-түсті мұзды қатырып қою. (еңбек дағдылары)
Мақсат-міндеттер: балалардың эстетикалық танымдарын арттыру. Айналаны
әсем етіп көріктендіру.
Жеке жұмыс: шаңғы тебе білуге үйрету. Шаңғы жолымен сырғанап
отырып жүру.
Жорамал.
Қыс қарлы болса, жаз жаңбырлы болады.
|
Саябаққа саяхат. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
қыстың (нышаны) белгілері туралы балалардың білімін анықтап, толықтыра түсу. Балалардың сөз құрамында: қыс, қар, мұз, аяз, қар қырш-қырш еттеді, жалтырайды, жылтылдайды басқа қысқа байланысты сөздер қолдану. Балаларды табиғаттың қамқоршысы, жанашыры етіп тәрбиелеу.
Тапсырма: «Қыс мезгілінің қызығы» атты тақырыпта шағын әңгіме құрастыру, қыстың жағымды, жағымсыз құбылыстары туралы әңгімелеу.
Көркем сөз.
Ақ қар жауды,
Енді аппақ жер өңі
Қардан таулар
Көлеңкесін көреді.
|