«Әңгіме ойлаймыз» Мақсаты: байланыстырып сөйлеу тілін, зейінін дамыту.
Шарты: логопед сөйлемдерді оқып тұрады. Балалар, сөйлемнің арасына керекті сөздерді қойып отырады. Ол сөздер зат есім, етістік, сын, сан есімдер болады)
Мысалы,: ".... (Не?) босағада отырып мияулайды.
Мысық алдында тұрған тәрелкедегі сүтті . . . . (не істеді?).
Бақта жүрген мысық . . .(нені?) ұстап алды. Мысықтың жүні . . . (қандай?), тырнағы . . . (Қандай?).
Мысық марғауларымен . . . (Қайда?) жатты.
Марғаулар допты .. . . (қалай?) ойнады.
Балалар марғауды құрастырып, мүсіндеп,суретін салып,жапсырайық, (Қазақ тілі
сөйлеуді дамыту,сурет салу, мүсіндеу,құрастыру, жапсыру.)
(Елтаңба, Әнұран) құрметпен қарауға тәрбиелеу
Балаларға туған жеріміз, отанымыз туралы сұрақтар қою. -Балалар бүгін қандай күн?
-Біз қай Республикада тұрамыз?
-Біздің елбасымыз кім?
-Астана қай қала?
-Біздің ұлтымыз қандай?
-Қай тілде сөйлейміз?
-Біздің елде қандай ұлт өкілдері тұрады?
-Рәміздерге нелер жатады?
Әңгімелесу: (рәміздер туралы сурет арқылы түсіндіріп көрсету) Балалар мемлекеттік рәміздер халқымыздың рухын,ұлттық салт-санасын, кахармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін,арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Рәміздерге:Елтаңба,Ту,Әнұран жатады. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлеміне қалықтатып тұр.
Балалар бүгін біз туымызды суретін салып,құрастырып,жапсырып, мүсіндейік.
(қазақ тілі, сөйлеуді дамыту, сурет салу,мүсіндеу, жапсыру,құрастыру)