Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы қырқүйек айы, 01. 09



бет55/81
Дата10.03.2023
өлшемі181,47 Kb.
#171787
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   81
Байланысты:
карла циклограмма - 4 жас (1)

Ұйымдастырылған
іс-әрекетке дайындық

Д\О «Ғажайып қапшық»
Мақсаты: баланың сөздік қорын ойыншықтардың атауларын білдіретін сөздермен байыту.

Ойын тапсырмалар
Балалар сендер қалай ойлайсыңдар қыс жақсы ма? жаман ба?
Қыстың жақсы және жаман жақтарын айтады.



Сурет арқылы жақсы доспен, жаман досты атай білу.

Достар мен үлкендерге сый-құрмет көрсете білуге баулу. Әңгімелесу.

Дидактикалық ойын: «Салыстыр»
Шарты: салыстыруға арналған тапсырма.

Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене шынықтыру
Пән мұғалімі жоспары бойынша

Жабайы аңдар, олардың сыртқы түрі,қозғалуы, тіршілік ету ортасы,азығы, қысқа бейімделуі туралы ұғымдарын байыту.


Жабайы аңдар әлемі
Жұмбақтар
Сыбдыр шықса қашады
Қырдан бірақ асады. (қоян)
Қорбаң қорбаң етеді
Орман оның мекені
Тәтті балға тойып ап
Қыста ұйқыға кетеді. (аю)
Өзі бір қу,жүрген жері айқай шу. (түлкі)
Табиғат дегеніміз бізді қоршаған орта. Ол барлық тіршілік иелерінің ортақ үйі. Бүгінгі оқу қызметінде табиғаттағы тіршілік иелерінің бірі жабайы аңдармен танысамыз.
Суретпен жұмыс
Қасқырдың суреті
Балалар мына аңды қасқыр деп атаймыз. Ол күшті, батыр, ержүрек,ақыл айласы да бар өте қауіпті жыртқыш аң. Қасқыр жан-жануарлармен, құстармен қоректенеді. Үй жануарлары кездесе қалса жеп қояды. Оның баласын – бөлтірік деп айтамыз.
Аюдың суреті.
Ал мына аң аю деп аталады. Ол денесі ірі,икемсіз жыртқыш аң. Аю судан балық аулап,жидек теріп, құстарды аулап жейді. Олар қыс бойы ұйқыда жатады. Оның баласын қонжық деп атайды.
Түлкінің суреті.
Бұл аң түлкі деп аталады.Оның денесі қасқырға ұқсас болып келеді,бірақ қасқырға қарағанда тұмсығы ұзындау болады.Түсі қызғылт болады.Терісі бағалы.Ол түрлі құстарды,құстың жұмыртқасын,балық аулап жейді.Түлкінің баласын түлкішек деп атайды.
Қоянның суреті
Бұл қоян. Қоян шөпқоректі жануар. Оның денесі ұзын, қарғуға, секіруге икемді, құйрығы қысқа, екі ұзын құлағы бар, қорқақа жануар. Қоянның түсі қыста ақ болады, ал басқа жыл мезгілдерінде оның түсі сұр болады. Оның баласын көжек деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет