Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы қырқүйек айы, 01. 09



бет63/81
Дата10.03.2023
өлшемі181,47 Kb.
#171787
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   81
Байланысты:
карла циклограмма - 4 жас (1)

«Ойыншықтарды салыстыру»
-Балалар, бүгін бізде ұйымдастырылған іс-әрекетте
 Біздің айналамыздағы заттардың өлшемдері болады, олар:
заттардың түсі, көлемі,биіктігі, қазір біз заттарды осы өлшемдері бойынша ажыратуды, салыстыруды үйренеміз, тапсырмалар орындаймыз. Ол үшін оң, сол жағымызды қарап, біліп алайық.
«Бөлмеге саяхат»
–Оң (сол) жағыңызда не бар?
-Оң жақта ойыншықтар, кітаптар бар, сол жақта терезе бар.
- Айзере, сенің оң (сол) жағыңда кім отыр?
–Алан, сенің алдыңда (артыңда)кім бар?
–Алдыңызда (артыңызда)не бар?-Алдымызда тақта, телевизор бар, артымызда гүлдер бар.
–Жоғарыда (төменде)не бар?
–Жоғарыда жарықшам бар, төменде еден, кілем бар.
-Жарайсыңдар, сіздер бағыттарды дұрыс айттыңыз.
Ойын: «Ойыншықты тап» деп аталады.
–Бүгін топқа мен жаңа ойыншықтар әкелдім, ал олар қандай ойыншықтар екенін білу үшін жұмбақтың жауабын табыңдар.
Жұмбақ.
Сол аяқ пен оң аяқ
Кезек оны тебеді
Ол тынымсыз домалап
Зыр жүгіре береді.(Доп)
Жарайсыңдар балалар жұмбақты таптыңдар ендеше доптың суретін салып, мүсіндеп,құрастырып, жапсырайық.
(сөйлеуді дамыту,сурет салу, мүсіндеу,құрастыру, жапсыру.)

Қазақ тілі
Ойыншықтар мен заттарды 4-5 сөйлеммен баулу.
«Ғажайып қалта»
Тәрбиеші ғажайып қалтаның ішінен жұмсақ допты шығарып:
-Мынау не?
Өзі домалақ, секіреді, тепсең қашады, ойынымызды қандырады.
Допты сипаттауға тапсырма береді.
- Ол неге ұқсайды?

Қуыршақ
Жуынбайды жуынсақ,
Бұл не деген қуыршақ?
Тығылмайды тығылсақ,
Бұл не деген қуыршақ?
1, 2, 3, 4, 5
Қуыршақтың тұсауын кес,
Қуыршағым қаз - қаз,
Қыдырайық аз - маз
Бұл не?
Қуыршақты сандықтан шығарып көрсету. Қуыршақты сипаттау, қайталау.(Көйлегін, түсін, шашын, әдемілігін айтады) Ғажайып қалтаның ішінен машина ойыншықты шығару.
- Мынау не?
- Кәне, машинаның түсі қандай?
- Ойыншық машина неден жасалған екен?
(Ұстап көру, сезу).
- Ол неге ұқсайды?. - Ойын:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет