Ұйымдастырылған
іс-әрекетке дайындық
|
«Туыңды тап» дидактикалық ойыны Педагог Балалар қазір біз Туыңды тап дидактикалық ойынын ойнаймыз Ойынның шартын айтайын Тақтадан көптеген мемлекеттің тулары көрсетіледі Сендер еліміздің туын көрген кезде Қазақстан деп айтасыңдар Еліміздің туы қанша рет қайталанса сендер сонша рет Қазақстан деп айтасыңдар Педагог балалармен бірге ойынды қадағалап отырады соңында жақсы ойнаған балаларға жалауша
|
«Не өзгерді» дидактикалық ойыны
Мақсаты көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру
|
Зейінді дамытуға арналған жаттығу Айна Балаға қарама қарсы тұрып əртүрлі қимыл қозғалыстар көрсетіңіз Ол айна сол қимылдарды қайталауы тиіс
|
«Бұл қай мезгілде болады» дидактикалық ойыны
Мақсаты балаларға жыл мезгілдерін белгілеріне қарай атауға үйрету ойлауды есте сақтауды зейінді дамыту Барысы педагог балаларға жыл мезгілдері туралы жұмбақтар айтады балалар жұмбақтың шешімін тауып суреттерден сəйкес мезгілдерді тауып тақтаға іледі
|
|
Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Заттарды қалыңдығы бойынша салыстыру.
Педагог жұмбақты тыңдап, шешуді ұсынады: Қыста ақ түсті,
Жазда сұр түсті?
Бұл не?
(Қоян)
Қоян келіп, амандасады. – Біреу мені шақырған сияқты болды.Соған келдім. Сендерге қорап алып келдім. Ашады, онда түрлі қалыңдықтағы кітаптар;
альбомдар, қарындаштар, жуан және жіңішке жіптер, жуан және жіңішке таяқшалар бар екен.
Педагогтен заттарды қалыңдығы бойынша салыстыруға үйретуін сұрайды.
«Заттарды қалыңдығы бойынша салыстыру». «Қалың», «жұқа», «қалыңдығы бірдей» сөздерін пайдаланып, кітаптарды қалыңдығы бойынша салыстырады. Педагог таяқшаларды салыстырады, қайсысы қалың, қайсысы жұқа екенін білу үшін қалай қатар қою керек екенін көрсетеді. Қалың, жұқа сөздерін айтып жаттығады. Өз еркі бойынша ортаға шығып, альбомдар, қарындаштар, жіптерді салыстыруды, «қалың», «жұқа», «қалыңдығы бірдей» сөздерін қолдануды ұсынады. «Қалың – жұқа» ойыны. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. (Таяқша – 2 дана, биіктігі бірдей, бірақ қалыңдығы әртүрлі; марғау мен көбелектің макеті.) Таяқшаларды өздеріне салыстыруды ұсынады. Таяқшаларды алып, шеттерін бір-біріне тигізу арқылы салыстырады. Оң қолдарына қалың бағананы, сол қолына жұқа бағананы алуды сұрайды.
Оң қолыңда қандай таяқша бар?
Көрсет.
Сол қолыңда қандай таяқша бар?
Көрсет.
Жуан таяқшаға марғауды, жұқа таяқшаға көбелекті отырғызыңдар. «Кім байқампаз?» ойыны
Қоян балаларға бірдей суреттердің арасын қосуды ұсынады (қолшатыр, майшам, сауыт).
– Қандай бірдей суреттердің арасын қостыңдар? – Майшамдарды неге қоспадыңдар?
Балалар: өйткені майшамның біреуі – жуан, ал екіншісі –жіңішке
Біз бүгін суреттегі майшамды салыстыра отырып сурет салу және құрастырып,жапсыру.
(сөйлеуді дамыту, математика негіздері.сурет салу,құрастыру.жапсыру)
|
|