Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы қырқүйек айы, 01. 09


Серуен Бақылау «Қардағы құс іздері»



бет65/81
Дата10.03.2023
өлшемі181,47 Kb.
#171787
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   81
Байланысты:
карла циклограмма - 4 жас (1)

Серуен

Бақылау «Қардағы құс іздері»
Мақсаты:қардағы құс іздерін тани білуге үйрету . Бақылау барысы Балаларға сұрақтар.
Із дегеніміз не? (қардың үстінде қалған белгі) Балаларға ауладағы жем шашылған жерде қалған құс іздерін бақылауға ұсыну.Қалай ойлайсыңдер, мынау ненің іздері, құстың ба, әлде жануардың ба?
Қар бетінде неліктен құс іздері қалады? (құстардың салмағынан табаны астындағы қар ұшқындары сынады) Балаларға құстар ізі салынған парақтар таратылады және оларға қай құстың ізі екенін анықтау тапсырылады.
Қар бетінен ұқсас із іздестіріледі.Құстардың ізі арқылы нені білуге болады? (құстың көлемі қандай, қалай қарай жүрген, бір жерде аялдаған ба?)
Зерттеу жұмысы Алаңдағы шағын жердегі қарды нығыздау және таяқшамен құс ізінің суретін салу.
Еңбек Қардан қала тұрғызуға қар жинау. Мақсаты: — Ұжыммен жұмыс істей білулерен қалыптастыру; — Жұмысты жоспарлау. Қимылды ойын «Ізбе із».
Мақсаты: тепе-теңдікті сақтау. Алдыңғы түскен із үстіне дәл түсуге тырысу. Ептілікке баулу .
(Сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, дене шынықтыру)

«Жеңіл көліктерді бақылау»
Мақсаты: автомобильдер туралы білімдерін бекіту, оларды түрлері бойынша ажырата білу, жолда жүру тәртібі туралы білімдерін кеңейту. Бақылау барысы Көркем сөз
«Тәртіп керек баршаға»
Е.Елубаев
Бұзба көше тәртібін, Ұрынасың апатқа. Қызықты өтсін әр күнің,
Жақын болма шатаққа. Көшеден өтер кезіңде, Абайлап қара жан-жаққа,
Келе жатқан көлікке, Жол бер, өтсін, асықпа!
Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:
Балабақша жанындағы жолдан өтетін қандай көліктерді білесіңдер? Барлық көліктерді қандай топтарға бөлуге болады? (жеңіл, жүк, қоғамдық, арнайы көліктер)
Көліктер қоршаған ортаға қандай әсер етеді? (ауаны түтіндерімен, асфальт бетін бензин тамшыларымен ластайды) Көліктердің қандай пайдасы бар? (адамдарды, жүктерді қажет жеріне тез апарады)
Көліктердің адамға қандай кедергісі бар? (таңертең дыбыстап, ұйықтауға кедергі болады, ауаға ащы түтін шығарады) Қандай машиналар көп шулайды, ауаны көп ластайды? (Жүк машиналары)
Біздің қалада қандай машиналар көп? Неліктен?
Жолдан өтерде не істеу керек, қандай ережелерді сақтау керек?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет