Таңертеңгі жаттығу
|
Жаттығулар кешені
Бақшамызға барғанда
Жолыққан бар жандарға.
Еременен ақпейілмен
Қайырлы тан! Дейміз біз
|
Жаттығулар кешені
Ойын жаттығу:
Қәне қанат жазайық
Құс болып желмен ұшайық
Ұшып ұшып алайық
Ұямызға қонайық
|
Жаттығулар кешені
Ойын жаттығу:
Орнымыздан тұрайық
Алақанды ұрайық .
Бір отырып ,бір тұрып
Біз бір демалайық
|
Жаттығулар кешені
Ойын жаттығу:
Денсаулықты сүйеміз,
Шынығамыз күнде біз.Бір, екі,үш!
Бір,екі,үш!Бұлшық етте,міне күш!
|
Жаттығулар кешені
Ойын жаттығу:
Бір екі үш төрт
Жиналамыз біріміз
Бір екі үш төрт
Секіреміз бәріміз
Отырамыз бәріміз
|
Ұйымдастырылған
іс-әрекетке дайындық
|
Мақал-мәтел
Қарға қаңқылдаса,
Қысты шақырады.
Қаз қаңқылдаса,
Жазды шақырады
|
Д/О: «Шырша безендіру»
|
Д/О: «Үлпа қаржинау»
|
«Қайсысы артық» дидактикалық ойыны.
Үстел үстінде әр мезгілдің киімдері ілінеді, осы киімдердің ішінен артық киімдерді табу керек. Табылған артық киімдерді қай мезгілде киетінін сұрау.
|
"Аққала" дидактикалық ойыны.
Шарты: тақтаға жартылай қиылып жасалған аққала бөліктері ілінеді. Үстел үстінде қалған бөліктері: басына киетін шелегі, аузы, қолы, сыпырғышы, ілгегі сияқты суреттері жатады. Балалар осы бөліктерді алып, артындағы сұраққа жауап беріп іледі.
Аққаланың неше бөліктен тұратынын, қандай геометриялық фигуралардан құралғанын айтады.
|
Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Дене шынықтыру
Пән мұғалімі жоспары бойынша
«Қыс келді атты суретпен танысу»
балалардың қыс туралы ұғымдарын пысықтау сөз тіркестері мен жай сөйлемдер арқылы құбылыстарын сипаттау тəртібіне үйрету Балалардың байланыстыра сөйлеу көзбен көру қабілеттерін жетілдіру
«Аққала»
балаларды тіке жатқан қағаз бетінің ортасына көк қарындашпен аққала бейнесін салуға үйрету сурет салуда үлкен кішкентай дөңгелектерді қатарымен іргелес салып бейнені қосымша детальдармен толықтыру және мүсіндеу, құрастырып жапсыру.
(сөйлеуді дамыту, мүсіндеу,математика негіздері, құрастыру, жапсыру.сурет салу)
|
Музыка
Пән мұғалімі жоспары бойынша
«Орман шыршасы» балаларда биік аласа ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру заттардың биіктігі мен ұзындығы секілді қасиеттері туралы түсінік аясын кеңейту жабайы аңдардың қысқы тіршілігін пысықтау адамдардың жаңа жылды қарсы алу əдебімен таныстыру Балаларды екі қарама қарсы затты ұзындығы жəне биіктігі бойынша тұстастырып салыстыруға үйрету. балаларды алдын ала сызбалы түрде салынған шырша инелерсіз бұтағының жəне дөңгелектің шырша шары сұлбасы үстінен фломастермен басып суретті жасыл инелер мен қызыл шар элементтерімен толықтыруға үйрету суреттегі екі объектіні тұтас сюжет деп көруге машықтау мерекелерді безендіру рəсімі туралы негізгі түсінік беру және шыршаға ойыншықтар салып безендіру оны мүсіндеу, құрастыру, жапсыру.
(сөйлеуді дамыту, мүсіндеу,математика негіздері, құрастыру, жапсыру сурет салу,)
|
Балалар, бүгін бізге Ақшақар - Мэйлер қонаққа келді ». Ол бізге Аяз атадан сурет әкелді. Бұл сурет «Қыс» деп аталады. Бірақ суретте қателіктер бар, Аяз ата бізден оны қайта жасап, күзде не болатынын және қыста не болатынын айтуды сұрайды.
Күзде жаңбыр жауады, қыста қар жауады.
Күзде ағаштардағы жапырақтар қызыл-сарыға айналады, ал қыста ағаштар жалаңаш болып, қармен жабылады.
Күзде жер құлаған жапырақтармен жабылады, ал қыста жерде қар жауады.
Күзде қоныс аударатын құстар жылы аймақтарға ұшып кетеді, ал қыста адамдар қыстайтын құстарға жем салады.
Жарайсың, сен Аяз атаның тапсырмасымен жақсы жұмыс жасадың. Енді бұл суретті шынымен - «Қыс» деп атауға болады. Қыс айын бейнелеу және құрастыру ,жапсыру.
|
Достарыңызбен бөлісу: |