Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы қырқүйек айы, 01. 09


Еңбек Ауланы бірлесе отырып тазалау. Мақсаты



бет66/81
Дата10.03.2023
өлшемі181,47 Kb.
#171787
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   81
Байланысты:
карла циклограмма - 4 жас (1)

Еңбек Ауланы бірлесе отырып тазалау. Мақсаты :бірлесе еңбек етуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу; — жылдамдық пен күштерін есептей білуге үйрету. Қимылды ойын «Бағдаршам». Мақсаты: белгі бойынша әрекет етуге, қимыл-қозғалыстарды дұрыс орындай білуге үйрету.
(Сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, дене шынықтыру)

«Қарғаларды бақылау» Мақсаты: - қыстап қалатын құстар өмірімен танысуды жалғастыру
. - қарғалардың тіршілігін бақылау
- құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу Бақылау барысы Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады. Қара түсті қарқылдақ, Ұшып, қонып жалпылдап. Қоқыстарды шоқиды, Жем іздейді там-тұмдап. (қарға) Қарға қыстап қалатын құс. Ол өзінің азығын қоқыстардан теріп жейді. Халық қарғаның іс-әрекетіне қарап ауа-райын болжаған. Егер қарға айналып ұшса аяз болады, қарға қарқылдаса қар жауады, егер қарға таңертең ағаштың басында отырса бұрқасын болады деп санаған және ол рас болған. Көркем сөз
«Қарға» С.Сейфуллин Қарға, қарға, қарғалар, Көзден жасы сорғалар. Қар үстінде жорғалар. Қар үстінде жем көрсе, Боран соқса қор болар, Қапелімде қолға алар. Бұтаға келіп қорғалар. Екі шоқып, бір қарар, Қысып кетсе сары аяз, Деп «жолымды» оңғарар. Зерттеу жұмысы Балабақша ауласынан құстар ізін іздеу, салыстыру
Еңбек Ауладан құстар үшін алаң аршып, оған дән себу.
Мақсаты: бірлесе еңбек етуге баулу.
Қимылды ойын «Пингвиндер доп ойнап жүр».
Мақсаты: екі аяқпен секіруді күрделілендіру, екі аяқ арасына допты қыстырып алға жылжу.
(Сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, дене шынықтыру)

«Қар ұшқындарын бақылау»
Мақсаты: — Қар ұшқындарының әртүрлі формада болатынына назар аудару; — Салыстыра білуге үйрету, танымдық белсенділіктерін дамыту.
Көркем сөз «Суретші қыс»
К. Нүсіпов Қонақтайды бақтарға, Ақ көбелек, ақ мамық. Аунап таза ақ қарға, Балалар жүр мақтанып. Тазарып бар кір, шаңнан,
Қыс өнерін бастады. Терезеге қыраудан, Сурет сала бастады. Балаларға сұрақтар: Жауған қар қандай? Ұшқан қарды алақандарыңа қондырыңдар, қар ұшқындары қандай? Жақсылап қараңдаршы, қардың әр ұшқыны әртүрлі өрнекте екенін көреміз. Байқадыңдар ма?. Д/О: «Ұқсас өрнекті тап». Алақанға қар ұшқындарын қондырып, олардың бір-біріне ұқсастарын табу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет