Тәрбиелеу білім беру процесінің циклограммасы



бет2/40
Дата15.11.2022
өлшемі115,15 Kb.
#158199
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
орта топ қараша циклограмма

Балалармен жеке жұмыс.



Таңертенгі жаттығу

Қараша айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені бойынша жатығуларды орындату
(Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Таңғы ас

Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білуді жетілдіру.Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті)
Өз орнын тауып отыру. Таза және ұқыпты тамақтануды, қасықты дұрыс ұстауды, тамақтанған кезінде ауызын жауып отырып, асықпай әбден шайнауды үйрету. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айтуды пысықтау



Ұйымдастырылған іс-әрекетке
дайындық

Шаттық шеңбер.
Балалардың зейінін әдемі, мейірімді, жақсы көңіл-күймен өзіме аударып, бүгінгі күн сендерге қуаныш пен көптеген жаңа қызықты әсерлер әкелген деп «Көңілді-күн» әнін айтқызу.
«Менің кітабым» тақырыбында балалармен әңгімелесу. Үйден алып келген кітаптарын қарау.
Балаларға әсерлерімен бөлісу, жаңалықтарды білу, бірлескен жоспарларды, мәселелерді талқылау, қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдау мумкіндігін беру, ережелер туралы келісу және т. б. жағдайларды жасау (сөйлеуді дамыту)



Ұйымдастырылған
іс-әрекеттер

Дене шынықтыру
Тақырыбы: Тиінге қонаққа барады.
Мақсаты: жіппен жүру кезінде тепе -теңдікті сақтау дағдысын қалыптастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет