(көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту)
|
"Қыс" мезгілі тақырыбында сюжетті-суреттер қарастыру.
Мақсат-міндеттері. Бала тілін дамыту. "Қыс" мезгілі тақырыбында сюжетті-суреттер қарастыру. Балаларға сұрақтар қою. Сұрақтарға толық жауапты талап ету.
(сөйлеуді дамыту)
|
Түлкі", "Маймыл" тақпақтарын жаттау.
Мақсат-міндеттері. Бала тілін дамыту. Тақпақты қайталау.
Төлеу Шахановтың тақпақтары.
"Түлкі".
Жем іздеп жүгіріп,
Аңшыдан тығылып.
Қақпанға жуымай
Жүреді, қуын-ай!
"Маймыл".
Кәмпитті толтырып уысқа,
Секірдің бұрыштан бұрышқа.
Жолдасың таңырқап
қарайды,
Қызғаншақ болуың дұрыс па?
(көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту)
|
Жаңылтпаштар".
Мақсат-міндеттері. Балаларды жаңылтпаштарды дұрыс және жылдам айтуға машықтандыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: жаңылтпаштар сюжеті бойынша суреттер.
Ойын барысы: тәрбиеші балаларға жаңылтпаштарды айтады. Балалар оны дұрыс әрі жылдам қайталап айтуы керек. (көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту)
|