Сөздік жаттығуы. "Төлдерін ата".
Мақсат-міндеттері. Бір үстелде отырған балалар жұбына, екі жабайы аңның енелері мен төлдері бар екі жұп суреттері араластырылып ұсынылады.
Үстел басында отырған бала кез келген жабайы аңдар, енесі мен төлінің жұбын құрастырады.
Жұп құрастырылғаннан кейін, әрбір бала жабайы аңды және оның төлін айтады. (сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, танымдық дағдылар)
|
"Түлкі" тақпағын жаттау.
Мақсат-міндеттері. Көркем сөздер айтқызу.
Төлеу Шаханов "Түлкі".
Жем іздеп жүгіріп,
Аңшыдан тығылып.
Қақпанға жуымай
Жүреді қуын-ай!
(көркем әдебиет)
|
"Қасқыр" тақпағын жаттау.
Мақсат-міндеттері. Көркем сөздер айтқызу.
Жүсіп Қыдыров "Қасқыр".
Көрдіңіз бе әне, аға,
Атам қуған арланды!
Түнде шауып қораға
Дүркіреткен бар малды.
Қолға түсіп қалыпты,
Сыбағасын алыпты.
(көркем әдебиет)
|
Серуенге дайындық
|
Киімдерін реттілік сақтап дұрыс киінуге үйрету. Достарына көмектесу.
Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).
|
Серуен
|
Балаларға қалауы бойынша аулаға ойыншықтарды алып, шығуына мумкіндік беру. Еркін ойындар
Қ/о:Қоян мен қасқыр
|
Құрастыру ойыншықтарынан қарапайым құрылыстар құрстырғызу.
(құрастыру)
Қ/о: Тырналар-тырналар
|
Ауладағы тазалықты сақтау ережелерімен таныстыруды жалғастыру.
Қ/о: Тышқандар мен мысық
|
Көңілді музыкамен би қимылдарын жасауды жетілдіру.
(музыка)
Доппен ойындар.
Қ/о: «Күміс алу»
|
Қандай көкөніс пен жеместерді білетінін сұрау.
Қ/о: «Не жедің, тауып айт»
|
|