Күндізгі ұйқы
|
Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)
Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау. Қазақ халық ертегілерін және т.б ертегілерді оқып беру (көркем әдебиет)
|
Біртіндеп ұйқыдан ояту,
сауықтыру шаралары
|
Өз орындарында отырып керілу, тыныстау жаттығуларын жасату.
(дене жаттығулар мен белсенділігі)
Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. Қыз балалардың шаштарын тарауға үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)
|
Бесін ас
|
Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар).
Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою, соңынан жинау)
Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәденетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету.
(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)
|
Балалардың дербес әрекеті
(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)
|
Топтағы тарақтарды ұзындығы мен ені бойынша салысытыру. «Артығын тап» дидкатикалық ойынын ойнату.
(математика негіздері)
Сабынның мүсінін жасату.
(Мүсіндеу)
Жуынатын бөлме суретіне сүлгі сабын тіс шеткесін, тарақты жапсыртуды пысықтау.
(Жапсыру)
|
Балаларды қалауы бойынша орталықтарға бөлу.
Қалауы бойынша геометриялық пішіндер арқылы құстардың суреттерін салдырту, тұзды қамырды пайдаланып құс мүсінін жасату.
Фланелеграф тақтасына әр түрлі пішіндерден құстарды жапсырту.
|
Достарыңызбен бөлісу: |