(мәдени-гигиеналық дағдылар)
Күндізгі ұйқы
|
«Ғажайып бақ» ертегісін оқып беріп, балаларды ұйықтату. (көркем әдебиет)
|
Бірте-бірте тұрғызу, сауықтыру шаралары
|
Ұйқыдан кейін бірден төсекте жаттығу жасау; жатқан күйінде, төсектен тұрмай, көрпенің астында балалар жалпы дамыту жаттығуларының аз мөлшерін орындайды; (гимнастика, 2-3 минут төсекте, балалардың ұйқыдан біртіндеп ояу күйіне өтуіне бағытталған. Оянған балалармен жүргізген дұрыс, қалғаны оянған кезде қосылады)
Жалпақ табанды болдырмау үшін денсаулық жолымен жүру.
(мәдени-гигиеналық дағдылар, дене шынықтыру)
|
Бесін ас
|
Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар)
|
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)
|
Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу
"Төрт түлік мал туралы тақпақ жаттау".
Мақсат-міндеттер: балаларды төрт түлік мал туралы тақпақпен таныстыру; қазақтың төрт түлік малы туралы ұғымдарды қалыптастыру; малды күту, құтты қасиеті туралы баяндау.
|
Жапсырудан ойын-жаттығу
"Аквариумдағы балықтар".
Мақсат-міндеттер: балаларды көк түсті шеңбердің үстіне, сары түсті шаршыларды бүктеп, оригами әдісі бойынша аквариумдағы балықтар бейнесін құрастырып, балықтарды өз қалаулары бойынша, балдырларды тігінен, тастар дайындамаларын қатар бойымен тізбектеп жапсыруға үйрету.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |